Қарайымдар
Қарайымдар | |
Ең көп таралған аймақтар | |
---|---|
Үлгі:Флаг |
1 196 (2001)[1] |
Үлгі:Флаг |
346 (2011)[2] |
Үлгі:Флаг |
241 (2011)[3] |
Қазақстан |
231 (2009) |
Ресей |
205 (2010) |
Тілдері | |
Діні | |
караизм |
Қарайымдар (өзд.атауы қарайлар, қырымшақ, караим) — Қараизмді ұстанатын түркі тілдес этнос. Қарайымдарға жақын халықтар – еврейлер мен қырым татарлары. Қарайымдардың жалпы саны 2 мың адамдай. Көпшілігі Украинада тұрады, шамамен 1200 адам. Басқа елдерде (Ресей, Литва, Қазақстан және Польша) шамамен 250-350 адам тұрады.
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарайым тілі - түркі тілдерінің бірі. Қыпшақ (солт.-батыс) тобының қыпшақ-половец бұтағына жатады. 1840 жылдан діни кітап, журнал басу ісінде көне еврей, орыс (кириллица) әрпін қолданған. Қарайым тілі — тракай, галицк және қырым диалектісі болып үшке бөлінеді. Негізгі сөздік қоры түркі тілдеріне ортақ сөздер.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарайымдар Яһуди дінінің 8-ғасырда Алдыңғы Азияда қалыптасқан бір бұтағын (қараизм) ұстанады. Халықтың аты да осы атаудан қалыптасқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Антропологиялық ерекшелігі жағынан зерттеушілер оларды Хазар қағандығының құрамындағы түркі тайпаларының ұрпағына жатқызады. Қарайымдардың бір бөлігін 1397 ж. Литваның ұлы князі Витовт шекара күзету үшін Литваға әкеткен. Ал Украинаға олар осы мақсатпен 1408-11 ж. қоныс аударды. Осылайша Қарайымдар 3 этнографиялық топқа бөлініп кеткен.
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарайымдардың дәстүрлі кәсібі - егіншілік. Бау-бақша салу, сауда-саттық жасау, жүзім егу, сондай-ақ қол өнерімен шұғылданды.
Мәдениеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қырымдағы қарайымдардың материалдық мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі Қырым татарларына ұксас. Қарайымдардың бай фольклоры сақталған.
Этникалық костюмдер Польша, Болгария, Франция және Америка Құрама Штаттарының тұрғындарында сақталған. Ерлер киімдері - шалбар, жейде, кафтан, күрте. Жоғарғы шалбардың астында кальсондар киеді. Кафтанның жағасы кішкентай және түзу, ілмектерге бекітілген. Былғары немесе жүннен жасалған белдікті пайдаланады, қыста тон киеді. Қарайымдардың өздерінің қаракөлден тігілген бас киімі бар. Оны караит деп атайды. Дәстүрлі бас киімді аға буын киеді. Тағы бір бас киім - фес, оның түбі тегіс, қызыл, күлгін немесе қоңыр түске боялған.
Қарайымдар сүт тағамдарын, бәліштерді, түрлі жемістер мен көкөністерді, қамырдан жасалған өнімдерді пайдаланады.
- Ұлттық мәртебесі бар ең танымал тағам - хамур-долма. Сорпада қайнатылған кішкентай тұшпараларға ұқсайды.
- Екінші тағам ретінде қой немесе құс еті желінеді. Етті котлет түрінде беруге немесе қара өрік қосып, қазанда бұқтыруға болады.
- Үйрек, күркетауық немесе қошқар еті қосылған палау танымал.
- Ұлттық асханасының ең экзотикалық тағамдарының бірі – тавук долмасы. Бұл жасыл бұршақ пен шие қосылған тауық еті. [4]
Қазақстандағы қарайымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарайымдар Қазақстанға негізінен өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап, нарықтық қарым-қатынастарға байланысты көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы қарайымдардың саны:
- 1970 жылы - 50 адам;
- 1979 жылы - 33 адам;
- 1989 жылы - 33 адам;
- 1999 жылы - 28 адам;
- 2009 жылы - 231 адам.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ По данным Всеукраинская перепись населения 2001 года, проведённой до произошедшей в 2014 году утраты Украиной контроля над территориями Автономная Республика Крым и Севастополь с их фактическим присоединением к России. Численность караимов в данных регионах по результатам переписи 2001 года составила соответственно 671 и 44 человека
- ↑ Ludność. Stan i struktura demograficzno-społeczna.Narodowy Spis Powszechny Ludności i Mieszkań 2011.
- ↑ Lithuanian 2011 Population Census
- ↑ https://travelask.ru/articles/karaimy-bolshe-chem-narod
- ↑ Қазақстан халқы. Энциклопедия. /Бас.ред. Ж.Н.Тойбаева./Құраст.Ғ.Жандыбаев., Г.Егеубаева.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016. 283-бет ISBN 978-601-7472-88-7
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |