Меланау
Меланау | |
алико, лико мелану | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
100 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Малайзия |
95 000 |
Бруней |
5 000 |
Тілдері | |
Діні | |
суннизм, дәстүрлі нанымдар |
Меланау (алико, лико мелану)[1][2][3] — Шығыс Малайзиядағы Даяк тобының халқы (Саравак штатында, Реджанг өзенінен Брунеймен шекараға дейін) және Брунейдің көршілес аудандары.[4] Жалпы саны 100 мың адам. Малайзия – 95 мың, Бруней – 5 мың адам.[5]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - меланау тілі.[6]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар, бір бөлігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады.[7]
Этногенезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XVI-XIX ғасырларда меланау мекендеген аумақ Бруней сұлтандарына тиесілі болды. XIX ғасырдың аяғында – 1963 ж. британдық отаршылдық иеліктер құрамында болды. Малайлардың ғасырлар бойы мәдени ықпалы, Меланаудың исламдануы этникалық бірегейлікті жоғалтуға, малайлардың меланауды ассимиляциялауына әкелді.[8]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (құрғақ күріш, түйнек, бұршақ, жеміс ағаштары), саго өндіру, жағалауда балық аулау. Қазіргі заманғы меланаулардың көпшілігі коммерциялық саго өндірісінде және резеңке плантацияларында жұмыс істейді.[9]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]5 эндогамикалық әлеуметтік топқа бөлу (бангса) болған. Қазіргі меланауларда шағын отбасы басым. Жерлеу рәсімі сақталған - қайық тәрізді табыттарға жерлеу, жерлеу гимндері мен әтештер төбелесімен сүйемелдеу.[10]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі Меланау қоғамы туыстық немесе некеге байланысты бірнеше жүз адам тұратын екі немесе үш ұзын үйден тұратын тәуелсіз ауылдардан тұрды. Елді мекендері түзеу бағытта орналасқан. Дәстүрлі ұзын үйлері малай үлгісіндегі қадаға орналасқан бір отбасылық үйге ауыстырылуда.[11]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі киімдерді малай үлгісіндегі киімдер ығыстыруда.[12]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағамдары – қайнатылған күріш, саго ботқасы, қайнатылған саго крахмалы. Ет (тауық еті, мұсылман еместер үшін – шошқа еті) – мереке күндері пайдаланылады.[13]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Меланау
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Иллюстрацияланған энциклопедиялық сөздік. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Меланау сөзінің мағынасы. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Меланау. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Меланау. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Меланау. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Меланау. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Меланау. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Меланау Әлем халықтары/. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Меланау. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ Меланау. Тексерілді, 1 қазан 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 339. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
- ↑ Меланау. Тексерілді, 1 қазан 2024.