Качарлар
Качарлар | |
боро, димаса | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1 млн. (1992) | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Качарлар (өз атауы; боро, димаса) — Үндістанның солтүстік-шығысындағы халық (Ассам штаты).[1] Качарлар таулы качарлар (димас) және жазық качарлары (бара, бара-қылыш) болып бөлінеді.[2] Жалпы саны 1 миллион адам (1992).[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі бодо тілі.[4] Качар тілі тибет-бирма тілдерінің бодо тобына жатады.[5]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Качар діні – индуизм, ежелгі анимистік нанымдар қалдықтары да сақталған.[6]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – бұқаларды пайдалана отырып, суармалы егіншілік, сонымен қатар қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, тары, мақта), көбі шай плантацияларында жұмыс істейді. Қолөнер (тоқыма, ағаш өңдеу) нашар дамыған.[7]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Качари қоғамдастығы әсіресе бодо жазықтарында ыдырау кезеңінде, отбасылық жер иелігі басым. Отбасы шағын, туыстық қатынас патрилинейлік.
Дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауылдары шағын, сызықты орналасқан, төбелері шөп пен жапырақтардан жабылған бамбук пен қамыстан жасалған тұрғын үйлерде тұрады. Шаруашылық құрылыстары ішкі ауланың айналасында салынған.[8]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әйелдердің дәстүрлі киімі – тігілмеген белдемше (тізеге дейін немесе одан төмен), кеудеге жабылатын мата бөлігі, ерлер үшін – дхоти және жамылғы шапан немесе көйлек, сәлде. Ассам және бенгал киімдері таралуда.[9]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағамдары – көкөністер мен шөптердің дәмдеуіштері қосылған пісірілген күріш, ет (деликатес – шошқа еті), кептірілген балық. Сусындар – шай және күріш сырасы (зу).[10]
Фольклоры
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бай фольклоры бар, ғашықтық жырлар, бесік жырлары, салт-дәстүрлер, т.б., дәстүрлі билер. Мерекелері - Кхерадж пуджа - қауымдастық фестивалі (әр 1-3 жыл сайын), бусу (егін жинау фестивалі) және сәуірдегі Ассамдық жаңа жыл Биху.[11]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Качарлар. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Үлкен энциклопедиялық сөздік. 2012. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Качарлар. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Качарлар. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Качарлар. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Качарлар. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Качар халқы. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Качарлар. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Качарлар. Тексерілді, 26 тамыз 2024.
- ↑ Качарлар. Тексерілді, 26 тамыз 2024.