Батуаса
Батуаса | |
оранг-батуаса, оранг-варинама, оранг-тобо, оранг-хатуметен | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
5 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Батуаса (өз атаулары: оранг-батуаса, оранг-варинама, оранг-тобо, оранг-хатуметен[1], оранг – «халық» дегенді білдіреді) — Индонезиядағы амбон-тимор халықтарының бірі. Негізінен Серам аралында тұрады. Жалпы саны 5 мың адам.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - батуаса, малай тілінің амбон диалектісі және гесер тілі де кең таралған.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар сунниттік исламды ұстанады, (мұсылман-сүнниттер).[4]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батуасалар 14-16 ғасырларда Малай архипелагының әртүрлі аймақтарынан келген иммигранттар – саудагерлер, негізінен бандандықтар, тидорлықтар, тернаттармен араласқан Шығыс Серамның байырғы тұрғындарының негізінде қалыптасты. 17-18 ғасырларда Тобо княздігі, 19 ғасырдың аяғына дейін Серамның шығыс бөлігіне иелік етті және Гесер князьдіктерімен бірге Жаңа Гвинеямен және Молукка архипелагының аралдарымен делдалдық сауданы басқарды.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсіпі – саго өндіру, батат, маниок, асқабақ, банан, ананас, бұршақ дақылдары, кокос пальмаларын өсіреді, сонымен бірге балық аулау, ұсақ сауда да дамыған. Қолөнерден тоқымашылық, керамика, ұсталық өнері дамыған.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауылдық қауымдастықтарды раджалар немесе орангкайлар деп аталатын басшылар басқарады.[7]
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батуаса елді мекендері жағалауда орналасқан, көшелері түзу орналасып, орталығында мешіт орналасқан. Дәстүрлі қадалы тұрғын үйлері жер үстіндегі амбоналық типке ауысуда.[8]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Киімдері- баджу жемпірлері мен саронг.[9]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағамдары - саго крахмалынан жасалған тағамдар, жаңа піскен, кептірілген және ашытылған балық, көкөніс сорпасы, мереке күндері - ет және күріш.[10]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 12 шілде 2024.
- ↑ Әлем халықтары мен діндері. Тексерілді, 12 шілде 2024.
- ↑ Батуаса. Тексерілді, 12 шілде 2024.
- ↑ Батуаса. Тексерілді, 12 шілде 2024.
- ↑ Батуаса. Тексерілді, 12 шілде 2024.
- ↑ Батуаса. Тексерілді, 12 шілде 2024.
- ↑ Батуаса. Тексерілді, 12 шілде 2024.
- ↑ Батуаса. Тексерілді, 12 шілде 2024.
- ↑ Батуаса. Тексерілді, 12 шілде 2024.
- ↑ Әлем халықтарының энциклопедиясы. Батуаса. Тексерілді, 12 шілде 2024.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |