Мазмұнға өту

Шегу қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шегу қаған
Лауазымы
Батыс Түрік қағанатының 4-ші қағаны
610 — 618
Ізашары Таман қаған
Ізбасары Тон қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қазақстан
Қайтыс болуы 618 (0618)

Шегу қаған (т. ж. б. — 630) — Батыс түрік қағанатының билеушісі (612 — 630).

Ашина әулетінен шыққан Істемі ханның ұрпағы. Шығу тегі: Істемі хан — Қара Шор Түрік — Янг Соух хан — Шегу қаған Қара Шұрын Түрік Ұлы қаған болып тұрған жылдары Шегу ханның иелігі — Ташкент аймағы болды, ал жайлауы Талас өзеннің оңтүстік жақ бетіндегі Мыңбұлақ деген жерде орналасты. 604 жылы бес тайпалы дулу ұлысының бектері Таман ханды құрылтайсыз таққа отырғызғанда, бес тайпалы Нушеби ұлысының бектері оған бағынудан бас тартып, Шегу ханды хан көтерді. Шегу ханның иелігі Нушибилер жерінде болатын. Батыс Түрік қағанатындағы дағдарысты одан әрі шиеленістіру үшін Қытай императоры Шегуй ханға қолдау көрсетті. Таман хан әлі жас болғандықтан, бүкіл елдегі саяси жағдайға бақылау орната алмады. Қағандықтың әрбір ұлысының билеушілері Қытаймен жеке қатынастар орнатып, елшіліктер жібере бастады. Император Шегуй ханның елшілігіне ақ қауырсынды бамбуктен жасалған жебе беріп, оны қаған ретінде мойындайтынын білдірді. Бірақ бұл жебе жолда Таман ханның қолына түсті. Бұл оқиға Шегуй ханды Таман ханға қарсы ашық соғыс жариялауға түрткі болды. 612 жылы Шегуй хан Таман хан әскерін талқандап, өзін шығысқа қарай қуды. Осы жылы өткен Құрылтайда Шегуй хан Тон Жабғу хан деген атпен Батыс Түрік қағандығының тағына отырды. Тон Жабғу хан билікке келісімен елдегі ресми билік ішкі жағдайларға толық бақылау орнатты. Қағандықтың жағдайы жақсара бастады. 619 жылы Жоңғариядағы телес билеушілері Тон Жабғудың билігін өз еріктерімен қабылдады. Билеушінің ордасы Ташкенттің солт-ндегі көгалды кең алқапта орналасты. Ол осы жерде Византия мен Қытайдан келген елшілерді қа-былдады. Шегуй хан тұсында Батыс Түрік қағандығының саяси экон. жағдайы жақсарды. Қағандық батыста өз шекарасын кеңейтіп, 627 — 630 жылы грузин, армян, парсы әскерлерін талқандады. Бірақ Шығыс Түрік қағандығының құлауына байланысты ол Кавказға ұлы Бөрі шадты қалдырып, өзі шұғыл түрде ордасына оралды. Ш. х. билеген кезең Батыс Түрік қағандығының ең күшейген тұсы болды. Оның ордасына шет елдерден көп елшілер келді. 627 — 30 жылы Ордаға келген елшілер арасында үнді уағыздаушысы Прабхакармитра, қытайлық будда дінін уағыздаушы Сюань-Цзан, т.б. болды. Шегуй хан қастандықпен өлтіріліп, әкесінің ағасы Хюлюг Сібір хан таққа отырды. Дегенмен, кейбір әдебиеттер мен оқулықтарда Тон Жабғу хан мен Шегуй хан есімдері екі адамға қатысты айтылады. Оларда Тон Жабғу хан Шегуй ханның туған інісі делінеді.[1][2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тараз Энциклопедиясы
  2. Қазақ энциклопедиясы, 9 том

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]