Мазмұнға өту

Тобо қаған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тобо қаған
Лауазымы
Түрік қағанатының 4-ші қағаны
571 — 582
Ізашары Мұқан қаған
Ізбасары Амрак қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі Белгісіз
Қайтыс болуы 582 (0582)
Династия Ашина
Әкесі Бумын қаған
Балалары Амрак қаған

Тобо хан, Табар, Таспар – ежелгі Түрік қағанатының 4-қағаны (572 – 81). Тобо хан билік құрған кезде, қағандық едәуір күш-қуат жинады. Оның аумағының ұлғаюы көптеген реформаларды жүзеге асыруды талап етті. Солардың бірі бірнеше ірі иеліктер құру және қағандықты – Шығыс (телелер) және Батыс (тардуштар) қағандық деп екіге бөлу еді. Тобо хан көршілес елдерді жаулап, иелігін ұлғайтып отырды. Ежелгі жылнамалардың бірінде Тобо хан Қытайды түпкілікті күйрету ниетінде еді, бірақ император сарайы түркілерге жыл сайын 100000 м жібек мата, т.б. алым-салық төлеп тұруға келісті деп атап жазған. Тобо ханның билік құрған кезі – ежелгі түркі қауымындағы мұрагерліктің белгілі жүйеге келген кезеңіне сәйкес келді. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том