Озмыш Тегін (т. ж. б. – 744) – Шығыс Түрік қағанатының қағаны. 734 жылы Білге қаған қайтыс болғаннан кейін Шығыс Түрік қағандығында тақ таласы басталады. Білге қағанның туысы Озмыш Тегін таққа отыра салысымен мемлекет құрамындағы қарлұқ, басмыл және ұйғыр тайпалық бірлестіктері оған қарсы шықты. 744 ж. қарлұқ, басмыл және ұйғырлардың біріккен күшінің қысымымен Озмыш Тегін биліктен кетіп, өлтірілді.