Утамыр
Утамыр | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||||
Cicuta virosa | ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
24 түрі белгілі |
Утамыр (лат. Cicuta) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда батпақты жерлерде, жазық жердегі көлдер мен жылғалардың, өзендердің жағалауларында, ылғалды шабындықтарда өсетін 1 түрі – у л ы У. (С. vіrosa) бар. Оның биікт. 40 – 100 см. Тамыр сабағы жуан, одан жіпше тәрізді шашақ тамырлары тарайды. Күрделі, саусақ салалы жапырақтарының шеті тілімденген. Ақ түсті, ұсақ гүлдері күрделі шатырша гүлшоғырына топталған. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемісі піседі. Жемісінің ұз. 2 мм-дей, сары түсті қырлары айқын көрінеді. У. – өте улы өсімдік, құрамында улы зат – цикутотоксин, алкалоид – цикутин бар. Тамыр сабағы мен тамыры малға өте қауіпті. У-мен әсіресе, күзде және көктемде сиыр мен қой көп уланады. Уланған малдың аузынан сілекейі ағып, мазасызданады, іші кебеді, жағы қарысады, тамыр соғуы жиілеп, тынысы тарылады, тұншығып өледі. У-мен уланған малға таннин, көмір, іш жүргізетін дәрілер, тамыр тартылған кезде хлоралгидрат беріледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5