Мазмұнға өту

Темір хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Темір хан (туған жылы белгісіз – 1412 жыл) – Алтын Орданың ханы (1411–1412). Ұрыс ханның ұрпағы. Әкесі Болат хан қайтыс болғаннан кейін Едіге бидің қолдауымен билікке келді. Едігенің қызына үйленді.

Темір хан
Лауазымы
Алтын Орданың 36-шы ханы
1410 — 1412
Ізашары Болат хан
Ізбасары Жәлеләддин хан
Өмірбаяны
Діні Ислам

Әкесінің венециялық саудагерлердің факториясы болып табылатын Қырымдағы Тана қаласын басып алу жолындағы әрекетін жалғастырып, бұған қол жеткізді. Оның қаланы басып алуы венециялық саудагерлерге 100 мың дукаттан астам шығын әкелді. Едігемен бірлесіп Тоқтамыс хан ұрпағы – Жәлеләддинмен күрес жүргізіп, оны Литва князі Витовтаның иелегіне барып паналауға мәжбүр етті. Жалеләддинмен күрестегі табыстар Темірдің беделінің артуына ықпал етті. Ол өзінің қолдаушысы болған Едігенің ықпалынан құтылуды көздеп, оған қарсы күрес жүргізді. Жайық өзен бойында, Сарайшық қаласы маңында Темір мен Едіге әскерлері арасында шайқас болды. Бұл шайқаста жеңілген Едіге Хорезмнің астанасы Үргенішке қашты. Темір өз әскерімен Едігенің көзін жою мақсатындағыа Үргенішке жорыққа аттанып, қаланы 6 ай бойы қоршауға алды. Бірақ Темірдің жорықта жүргенін пайдаланған Жалеләддин Сарайшықты басып алды. Темір қайтып оралғанда Жалел әд-Дин әскерінен жеңіліс тауып, өзі қашуға мәжбүр болды. Осыдан кейін көп ұзамай Темір белгісіз жағдайда қайтыс болған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том