Мір Болат хан, Пір Болат хан — Алтын Ордаханы (1364- 1365). Мір Болат Жошының ұлы Шибанның ұрпақтары арасынан шыққан алғашқы Алтын Орда ханы. Мір Болаттың билігі жайлы ақпарат өте аз. Берке Сарайда Мір Болат деген жазуы бар 1362— 1363 жылдары соғылған тиындарға қарағанда Мір Болат Берке Сарайды Мұрад ханнан аз уақытқа тартып алған. Алтын Орданың астанасы Берке Сарай үшін тартыс тоқтаусыз жүрді. Жеңіс Берке Сарайдың билеушілерінің үнемі қолына тие бермеді. 1364 жылы күзде Мір Болат Берке Сарайды басып алды да, бір жылдай билік етті. Көп ұзамай Мір Болатты оның бас әмірі Ілияс өлтірді. Билік Мамай таққа отырғызға Абдулла ханың қолына түседі.