Едіге
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Едіге (1352–1419) — Ноғай ордасының негізін қалаған әмірші, қолбасшы.
Шығу тегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1352 жылы Ақ Ордада, Құмкент деген жерде туған. Сол кезде Ақ Орда Алтын Орда хандарының билігінен саяси еркіндігін алып, тәуелсіз хандық болып кеткен болатын. Едіге Қоңыраттың маңғыт, Маңғытай руынан шыққан, жоғары мәртебелі мырзалардың ұрпағы еді.
Өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тоқтамыспен одағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1376 жылы жанжалдан кейін Ақ Орданың әміршісі Орыс ханның қуғынынан Әмір Темірдің тұсында Мауараннаһрге қашып кеткен. Самарқандта Едіге Тоқтамыспен кездесіп, оның Орыс ханға қарсы күресіне көмектеседі. Әмір Темір Тоқтамысты да, Едігені де мейман қылып, оларға Орыс ханға қарсы әрекеттерін қолдайды. Бірақ Тоқтамыс Ақ Орданың, кейін Алтын Орданың тағын қолына алып алғаннан кейін, Әмір Темірді сатып кетеді. Темірдің Тоқтамысты жазалағысы келеді. Едіге Темірді Тоқтамысқа қарсы соғысында қолдайды. 1391 жылы Тоқтамыс жеңілгеннен кейін, Едіге өз әскерімен Темірден айырылып, Еділмен Жайықтың арасында жерлерін басқара бастайды. Ноғай ордасының негізін салушы- Әмір Едіге (1395–1419) 15 ғасырдың соңында Алтын Орданың саяси өміріне қызу араласып, 15 жылдай Алтын Ордада саяси билікті өз қолында ұстап, ұлы әмір атанған. Шыңғысхан әулетінен хан сайлау Едіге әулетінің келісімісіз қабылданбайтын дәстүрге айналды.
Хандық билікке қол жеткізуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Едігені әмірші деп санаған жұрт Алтын Ордада тұрып, өзін ноғайлы деп атағаннан кейін, Едіге би өз құрастырған мемлекетін Ноғай ордасы деп атаған. 1397 жылы Едіге би Алтын Орданың әскерінің қолбасшысы болып, 1399 жылы Литваның князі Витовт пен Литваға қашқан Тоқтамыстың әскерлерін құртып, оларды жеңген. Әмір Темір тағына отырғызған Алтын Орданың ханы Темірқұтылық хан өлгеннен соң, Едіге тағына Шәдібек ханды отырғызады. Шыңғыс ханның ұрпағы болмағандықтан, Едігенің атағы «хан» емес, «би» еді (Ұлы Темірдің де атағы сол себептен «хан» емес, «әмір» еді). Бірақ, Едігенің билігі ханның билігінен кем емес еді. Шәдібек Едігеден тәуелді еді. 1409 жылы Едіге Батыс Сібірде жасырынған Тоқтамысты тауып, өлтіреді. 1407 жылы өзін «Бұлғария әмірі» атап кеткен Жәлеледдінге қарсы шабуыл жасайды. 1408—1409 жылдары Ресейге қарсы соғыс жүргізеді. Серпухов, Дмитров, Ростов, Переяславль, Төменгі Новгородты алып, өртеп тастайды. Мәскеуге дейін басыпбарады, бірақ қаланы ала алмайды. Соғыстың себебі Едігенің Ресей оған салық төлесін деген қалауы және Алтын Орданың бұрынғы ахуалын қайтару еді. 1410—1412 жылдары Ноғай ордасында жанжалдар басталғаннан соң, Едіге билігінен айырылады. 1419 жылы, 67 жастағы Едіге би Ноғай ордасының астанасы – Сарайшық қаласының маңында Тоқтамыстың ұлы – Қадырбердінің қолынан қаза табады.
Қолданылған әдебиеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |