Тоқта хан
Тоқта хан | ||
Төрт ұлыстың хандары: Темір (Юань), Чапар (Үгедей ұлысы), Тоқта (Алтын Орда), Олджейту (Елхан мемлекеті), Гетум Патмич, Fleur des histoires d'orient («Шығыс елдерінің хикаяларының гүл бағы») | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1291 — 1312 | ||
Ізашары | Төле Бұқа хан | |
Ізбасары | Өзбек хан | |
Мұрагері | Елбасмыш | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Буддизм | |
Дүниеге келуі | Белгісіз | |
Қайтыс болуы | 1312 | |
Династия | Шыңғыс әулеті | |
Әкесі | Меңгу Темір хан | |
Балалары | Елбасмыш | |
өңдеу |
Тоқта хан (Тоқтай)– Алтын Орда ханы. Батудың шөбересі. Туған жылы белгісіз, 1312 жылы қайтыс болған.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тоқтаны 1288 жылы бауырлары елден қуып жібергендіктен, ол Ноғайды паналаған. Ноғай айлакерлікпен Тоқтаның қарсыластарын алдымен өз жағына тартып, кейіннен оларды өлтіреді де, 1291 жылы Тоқтаны таққа отырғызады. Ноғайдың айтқандарынан да бас тартады. Тоқта өте қабілетті билеуші және өзінің алдында хан болған Төле Бұқа мен Туда Меңгуден бөлек мінездегі адам екегдігін көрсетті. Ол билікке келген алғашқы күннен–ақ, күшті армия мен әкімшілікті жинай бастады.
Шайқастары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тоқта өз билігін барлық Солтүстік Руське жүргізуге күш жұмсады. 1293 жылы Тоқтаның інісі Дуден орыс князьдерінің иеліктерін талқандайды. Ноғай хан орыс істеріне араласпағанымен Тоқтаның іс–әрекеті оны бей–жай қалдырмады.– Көп кешікпей екеуінің арасында алауыздық туындайды. Тоқта Сербияны алғысы келген оймен,1293 жылы өз армиясын жібереді. Корольдің қабылдаудан басқа шарасы қалмады. 1299-1300 жылдары Тоқта әскерін батысқа қарай бағыттайды. Днепрдегі соғыста Тоқта Ноғайды талқандап, Еділден Дунайға дейінгі жерлерді қолына қаратты. Рашид әд–Дин: "Оның балалары мен әскері қашып кетті. Оны Тоқта армиясынан бір орыс солдаты ұстап өлтірмек болды. Ноғай атын айтып Тоқтаға жолықтыруын өтінді, алайда солдат оның басын кесіп ханға апарды.Тоқта ақсақалдың өліміне қайғырып, өлтірген кісіні дарға асуды бұйырды" -дейді.
Қызықты мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бізге жеткен деректерге қарағанда Тоқта мұсылман емес, будда дінін ұстанған.Ол Ноғайдың саясатын жүргізген. Рашид әд–Диннің “Тарихында” Тоқта 1312 жылы қайтыс болды деп көрсетілген.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|