Мазмұнға өту

Certificate in advanced English

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

CAE (Certificate in advanced English) — Кембридж университетінің ESOL (English for Speakers of Other Languages) бөлімшесі дайындайтын және өткізетін ағылшын тілі емтиханы. Алғаш рет 1991 жылы ұсынылған. Сертификат деңгейі бойынша Еуропа Кеңесінің С1 межелігіне сәйкес келеді. Ол FCE және CPE емтихандарының аралығы болып саналады. Сертификаттың мерзімі шектелмеген.

Емтиханның мазмұны мен форматы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Емтихан 5 бөлімнен тұрады — Reading, Writing, Use of English, Listening, Speaking. 2008 жылы емтиханның мазмұны маңызды өзгерістерге ұшырады.

4 тапсырмадан тұрады. Жалпы сұрақтар саны — 34. Емтиханның осы бөлігін орындауға 1 сағат 15 минут беріледі.

3 мәтіннен тұрады, әрқайсысына екі сұрақтан қойылады, берілген 4 нұсқадан дұрыс жауапты таңдау керек. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.

Баптарға бөлінген мәтін болып келеді. 6 бөлігі бос тасталған. Емтихан тапсырушыға осы баптарды кез-келген тәртіпте ұсынады. Бір бабы артық беріледі. Тапсырма бойынша тапсырушы баптардың бос орындарын дұрыстап жазуы керек.Әр дұрыс жауапқа (олар барлығы 6) 2 ұпай қойылады.

Бұл тапсырма 1 мәтіннен жіне 4 жауап нұсқасы бар 7 сұрақтан тұрады. Дұрыс жуапқа 2 ұпай беріледі.

15 пікір ұсынылады. Соны мәтіннің қай бөліміне немесе қысқаша мәтін болса, оның қайсысына жататынын табу керек (әдетте 6—8 мәтіннен немесе мәтін бөлімінен тұрады). Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады

Екі тапсырмадан тұрады, орындауына 1 сағат 30 минут беріледі

Емтихан тапсырушыға 150 сөзден тұратын мәтіннің кішігірім үзіндісі беріледі (ол - хат, газеттің қиындысы, жарнама немесе т.б.).Сол ақпаратты қолданып, 180-220 сөзден тұратын мақала, есеп беру немесе ұсыныс-жоба жазу тапсырылады.

Берілген 4 тапсырманың қалаған біреуін орындау керек. Тапсырма мақала жазуды, байқаулық жоба жасауады(competitional letter), мақалаға шолу жасау, есеп беру, жоба-ұсыныс жасау, эссе жазу, ақпараттық парақша шығаруды талап етуі мүмкін.Тапсырмалардың біреуі (5-ші нөмір),емтихан тапсырушыға оқуға ұсынылған екі кітаптың біреуінің негізінде ұсынылады. Кітаптардың тізімі емтиханның ресми сайтында жылдың басында жарияланады, және де жыл бойы өзгерізіссіз болады.Тапсырма мақала, шолу немесе эссе жазуды талап етеді.

Ағылшын тілінің грамматикасынының меңгеруін тексеретін бөлім. 5 тапсырмадан тұрады, орындауға 1 сағат беріледі.

12 қалдырылып кеткен сөздері бар мәтін ұсынылады. Бос орындарды толтыру үшін берілген 4 нұсқааның ішінен дұрыс жауап таңдап алу керек. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

15 қалдырылып кеткен сөздері бар мәтін ұсынылады. Бос орындарды толтыру үшін өз жауабыңды жазуың керек. Нұсқалары ұсынылмайды. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады

10 бос орны бар мәтін ұсынылады. Әр бос орынға сөз ұсынылады, бірақ осы сөз жауапқа сәйкес болуы үшін сөз құрамында өзгертілуі қажет. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Тапсырма 5 сұрақтан тұрады. Әр біреуіне 3 сөйлем ұсынылады, оларда бір сөзден қалдырылып кеткен. Барлық қалдырылған сөздер— омонимдер (жазылуы бірдей, бірақ мағанасы әр түрлі).Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.

Тапсырмада 8 сұрақ болады. Сұрақта мағынасы бірдей екі сөйлем ұсынылады. Екінші сөйлемде сөздердің бір бөлігі қалдырылып кеткен. Сол сияқты бір сөз ұсынылады. 3-тен 6-ға дейін сөз қолданып, ішінде тапсырма сөз де қосылады, оны өзгертпей, бос орындарға қойып, екі сөйлемдердің мағынасын теңестіру қажет.Дұрыс жауап 1 немесе 2 ұпаймен бағалануы мүмкін, ол жауаптың толықтығы мен дұрыстығының дәрежесіне байланысты

4 тапсырмадан тұрады, берілетін уақыт 40 минут.

3 қысқа жазба, әрбіреуіне екі сұрақ қойылады. Дұрыс жауабын үш нұсқаның ішінен таңдау керек. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. 2003 жылы жазба монолог болатын болды. Оның ішінен керек бөлшектерін іздеп, дұрыс қолдану керек(specific information).

Үміткерге 8 бос қалдырылған орны бар мәтін ұсынылады. Монологты 3 минут тыңдағаннан кейін бос орындарды толтыру керек. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Бұл тапсырмада монолог екі рет естіртіледі (2008 жылдан кейінгі өзгерту). Міне ресми нұсқама: A monologue lasting about two minutes. You must complete sentences or notes. You hear the recording twice.

4 минуттан тұратын диалог, оған 6 сұрақ қойылады, соның ішінен 4 нұсқадан 1 дұрыс жауабын табу керек. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

5 монолог, бір-бірімен ортақ тақырыппен байланысқан. 10 пікір жазылған парақша ұсынылады. Әр пікірге сөйлеушілердің біреуін жатқызу керек(1 монологқа 2 пікірден).Басқа нұсқа да болуы мүмкін: әр пікірге 2 нұсқалары бар сұрақтарға (multiple choice questions) жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан баға беріледі. Бұл тапсырма кімнің сөйлеп,не айтқысы келгенін, айтқан адамға қалай қарайтынын түсінуге арналған тапсырма. Жазба екі рет қайталанады.

Төрт тапсырмадан тұрады.Тапсырма қос үміткермен орындалады, егер жұп болмаса,ұш үміткерден құрылуы.Бұл ретте әр үміткер жеке жеке бағаланады. Бұл бөлімге кететін уақыт — 15 минут. Егер тапсырма үш үміткермен орындалса,берілетін уақыт пропорционалды түрде ұлғайтылады. Бұл бөлім екі экзаменатормен қабылданады, олардың біреуі әңгімелессе, екіншісі — бағаны өлшеміне қарай қояды.

Үміткер емтихан алушының сұрақтарына жауап береді, өзі туралы әңгімелейді.Берілетін уақыт 3 минут.

Бірінші үміткерге бірнеше түрлі түсті бейнелер ұсынылады (2-ден 5-ке дейін), сосын сұрақтар қойылады.Ол жауапты 1 минутта қайтару керек. Осыдан кейін екінші үміткерден басқа сұраққа естіген ақпаратты қолдана отырып (көбінесе сұрақ «келісемін, келіспеймін» деген түрде болады) жауап беруін сұрайды. Осыған 30 секунд уақыт беріледі. Содан кейін үміткерлер орын алмастырады

Үміткерлерге бірнеше сурет беріледі, және оларға екі сұрақ қойылады. Сұрақтардың біреуі бір ортақ ойға келуге талап етеді(«сіздің ойыңызша ең жақсысы...») Үміткерлер сұхбаттасу кезінде бұл сұрақтарға жауап берулері керек. Тапсырмаға 4 минут беріледі.

Үміткерлер сұрақтарға жауап береді және 3 тапсырмада мәлімделген тақырыпты тереңірек талдайды. Осыған 4 минут уақыт беріледі.

Жұмыстарды бағалау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бөліктердің әрқайсысында тапсырмаға сәйкес ұпайлар саны бар. Соңында жалпы саны формула бойынша: 40 болады: (Үміткердің, жинаған ұпайлары × 40) ÷ ұпайлардың барынша мүмкін саны. Ұпайлардың ара қатынасы және қортынды бағасы.

Бөліктердің әрқайсылары жеке бағаланады, бөліктердің барлығы жалпы бағаның 20% құрайды. Егер бір бөлік нашар тапсырылса, үміткердің емтиханды толық тапсырып,жалпы сертификат алу мүмкіншілігі бар 60-тан 74- %-ға дейін жинаған үміткер C (pass) бағасына ие болады. 75 пен 79 % аралығында жинаған үміткер B бағасына ие болады. Үміткер 80 %, не одан жоғары жинаса бағасы А-ға сәйкес болады. Егер үміткер 60 %-тан төмен жинаса сертификат берілмейді.Бірақ бағасы қойылады— 55—59 % — D, және — E егер 55 –тен төмен болса.

Сертификаттың мойындаушылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сертификат Ұлыбританияның бірталай университеттері мен жұмыс берушілер мойындайды. Бұдан басқа сертификатты Британияның шекара қызметіде(UKBA) мойындайды, себебі ол ағылшын тілін белгілі деңгейде білетіннің айғағы деп есептелінеді. Ол құжаттарды иммиграциялық визаға Tier1(программа жабылғанға дейін) және студенттер визасына Tier 4 тапсырғанда белгілі болады.

Пайдалынған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]