Грамматика
Грамматика (гр. γραμματική; грамматике – әріп, жазу) — тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы.
Үлкен екі саласы бар:
Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Бұл элементтер анық болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғым болып табылады, «зат есім, етістік, сын есім» сияқты.[1]
Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) — әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат. gramma — әріп) —
- тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
- тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір саласы.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:
- сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;
- морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
- синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
Мектеп оқулықтары мен кейбір зерттеулерде тілдің мәнді бөліктерін құрайтын дыбыстар жүйесіне, сөздер мен сейлемнің ырғақты әуеніне (интонация) байланысты фонет. құбылыстар да, дұрыс жазуға байланысты орфографияның, сөздегі дыбыстардың айтылуына байланысты орфоэпияның, сейлемде тыныс белгілерін дұрыс қоюға байланысты пунктуацияның мәселелері де Грамматика шеңберінде қаралады. Сөзжасамға тілімізде туып отыратын жаңа сездердің жасалу амал-тәсілдері, лексика-семантикалық яғни бөтен тілден сөз aлу, жаңа ұғымға байланысты сөз мағынасының өзгеруі арқылы жасалған туындылар, синтетикалық яғни қосымшалар арқылы жаңа сөз жасау, аналитикалық яғни сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі т. б. сөзжасам үлгілерінің өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз түрлері, олардың заңдылықтарымен бірге бұрыннан да жасалып, қалыптасып кеткен сөздердің құрамдық-құрлыстық сипатын анықтау жатады. Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды, олардың сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің граммат. құрылысындағы белгілі жүйелер, заңдылықтар, атап айтқанда тілдегі сөздердің белгілі бір ортақ грамматикалық қасиеттері арқылы топ-топқа белінуі, сөйлеуде сол сөздердің бір-бірімен байланысқа түсуі, сейлем құрап, белгілі бір қызмет атқаруы негізгі грамматикалық ұғымдармен сипаттапады.
Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория.
Бұл үшеуі бір-бірімен диапектикалық байланыста және бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған грамматикалық құбылыстар мен жүйелер осы ұғымдардан туындайды. Тілдің грамматикалық құрылысындағы осындай ерекшеліктері мен заңдылықтары әр дәрежедегі мектептерге оқулық ретінде ұсынылып жарияланған Грамматикаларда сипатталады.
Орта мектептерге арналған оқулықтар нормативті Грамматика, ал жоғарғы оқу орындарына (институттар мен университеттерге) арналған оқулықтар мен академиялық басылымдар ғылыми Грамматика деп аталады. Нормативті Граматикада сөздердің грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі болатындығы, сөз таптарына белінетіндігі, бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем құрау қызметі, сөйлемнің құрылысы мен түрлері баяндалады.
Ал ғылыми Граматикада осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады, әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық ыңғайда нақтылы зерттеулердің нәтижесінде сипатталады. Ғылыми Грамматиканың қатарына салыстырмалы-тарихи Грамматика да жатады. Ол туыстас тілдердің және әр дәуірдегі көне тілдің грамматикалық құрлысындағы тілдік құбылыстардың сәйкестіктерін салыстыра отырып, даму процестерін зерттеуге, ол тілдік құбылыстардың мәні мен сырын ашуға арналады.
Қазақ тілінің алғашқы Грамматикалары XIX ғасырдың екінші жартысынан орыс тілінде жарық көрді.
Олар: Терентьев М., Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская, СПб., 1875; Катаринский В. Грамматика киргизского языка, этимология и синтаксис, СПб., 1897; Лаптев Н., Грамматика киргиз-кайсацкого языка, СПб., 1898; Мелиоранский П. М., Краткая грамматика казак-киргизского языка, фонетика и этимология, ч. I., 1894, ч II., 1897 т. б. Оқулық ретіндегі грамматикалар: Аманжолов С., Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А., 1938; Аманжолов С., Сауранбаев Н., Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1939; Аманжолов С., Бегалиев Ғ., Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1950; Аманжолов С., Ұйықбаев И., Әбілқаев А., Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. А., 1958; Балақаев М., Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. I бөлім; А., 1949; Жұбанов Қ., Қазақ тілінің грамматикасы. I бөлім, А., 1936; Кеңесбаев I., Жиенбаев С., Қазақ тілі грамматикасы. I бөлім; А., 1950; Кеңесбаев I., Ысқақов А., Аханов К., Қазақ тілінің грамматикасы. I бөлім, А., 1961; Арғынов X. Қ., Қазақ тілі. 9-класқа арналған оқулық. А., 1973; Аханов К., Кәтембаева Б., Қазақ тілі. 5-класқа арналған оқулық. А., 1982; Аханов К., Айғабылов А., Қазақ тілі. 6-класқа арналған оқулық. А., 1985; Исаев С., Назарғалиева К., Қазақ тілі. 7-класқа арналған. А., 1991, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997; Исаев С., Назарғапиева., Қазақ тілі, 6-сыныпқа арналған. А., 1994, 1996; Хасенов Ә., Қазақтілі. Ill бөлім; 8-класқа арналған оқулық. А., 1962; Әбуханов Ғ., Қазақ тілі лексика. Фонетика және морфология мен синтаксис. Педучилищеге арналған оқулық. А., 1960, 1967, 1982; Сауранбаев Н., Қазақ тілі. Педучилищеге арнапған. А„ 1953; Ғылыми Г. ретінде жарық көрген еңбектер: Қазіргі қазақ тілі. А., 1954; Қазақтілінің грамматикасы. Морфология. А„ 1967; Синтаксис. А., 1967; Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Фонетика, лексика. А., 1962; Ысқақов А„ Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1964, 1974; Маманов Ы., Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966; Балақаев М., Қордабаев Т., Қазіргі қазақ тілі грамматикасы.
Синтаксис. A., 1961; Аханов К., Тіл білім негіздері. А., 1973, 1978; Аханов К., Грамматика теориясының негіздері. А., 1972 т.б.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|