Қамал
Қамал — қоршауда қалған жағдайда ұзақ соғысуға қажетті барлык жабдықпен жабдыкталған және қаруланған тұрақты гарнизоны бар, әскери жағынан маңызды мәні бар бекініс пункті (бекіністі қала). Қамал Құрлықтық және теңіздік (теңіз жағалауындағы) болып бөлінеді. Алғашында камалдар жер, тас, ағаш сияқты қарапайым қоршаулармен қоршалған елді мекендер болған. Құл ұстайтын мемлекеттердің қалалары қамал болып саналатын (Карфаген, Визаңтия, Рим және басқа) қамал-қалалар, сондайақ Орта Азияда, Кавказда, Солтүстік Қара теңіз жағалауларында кеңінен тараған. Ежелгі қамалдар жан-жағы домалақ немесе шаршы мұнаралар ұстап тұрған қабырғалардан тұратын көп бұрыш сиякты соғылган. Қабырғаларының биіктігі 9-10 метрге дейін жететін, ал қалыңдығы биіктігінің 1/3 бәлігі болатын. Қабырғалардың үстіңгі жағына тістер мен амбразуралар салынған. Қабырғаның барлық периметрінен жаппай атыс жүргізуге болады. Мүнараларының биіктігі кабырға биіктігінен 1,5-2 есе артық болатын. Артиллерияның шығуына байланысты (14 ғасыр) қабырға биіктігі кысқарып, қалындығы үлкейе бастады. 16-17 ғасырларда мұнаралар бес бұрыш формалы-бастиондармен ауыстырылды да, ол 19 ғасырға дейін қолданылды. 19 ғасырдың аяғында бризантты жарылғыш заттар мен снарядтардың шығуына байланысты қамал кұрылысына бетон мен сауытты конструкциялар колданыла бастады. Бірінші дүниежузілік Соғыстың алдында камалдар үлкен және кіші (маневрлі) болып бөлінді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |