Мазмұнға өту

Тас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Табиғи тас

Тас, табиғи тас — шығу тегі табиғи болып келетін, құм мен металдан өзге минерал немесе қатты тау жынысы.

Құрылыстағы тастар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
XIII ғ. салынған тас шіркеу. Денсуш ауылы, Румыния

Құрылыс және өңдеу тастары ретінде кең таралған минералдар мен тау жыныстары:

  • Гранит — кварц, плагиоклаз, калийлі дала шпаты және слюдадан тұратын магмалық табиғи тас. Мынадай түстерде кездеседі: сұр, қызыл, күрең қызыл, қызғылт-алқызыл, алқызыл, қоңырқай қызыл, сұр-жасыл, ірі жарқын дақтары бар қара-жасыл. Ең тығыз, қатты және берік жыныстардың бірі. Құрылыста қаптағыш материал ретінде қолданылады.
  • Әктас — кальций карбонатынан (кальцит) тұратын, түсі ақ, шөгінді табиғи тас.
  • Мәрмәр — табиғи тастардың ішіндегі ең танымалы және таңдаулысы.
  • Порфир — ішінде кварц кристалдарының ірі қосындылары бар ұсақ кристалды магмалық тау жынысына жататын табиғи тас. Мынадай түстерде кездеседі: қою-қызыл, қара дақтары бар қоңыр табиғи реңктер.
  • Доломит — толықтай доломит минералынан құралған шөгінді табиғи тас. Мынадай түстерде кездеседі: алқызыл, сары табиғи реңктер.
  • Оникс — декоративті-безендіргіш тас. Бұл тастар ерекше түстермен көмкерілген.

Табиғи тас адамдардың үйлер мен көпірлерді салуға және қасбеттерді қаптауға қолданған ең ескі материалдардың бірі болып табылады. Әдемілігі, беріктігі және төзімділігінің арқасында табиғи тас сарайлар, ғибадатханалар, бақшалар мен кәдімгі үйлерді безендіре алады.

Түсініктемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Stones