Мазмұнға өту

Юримен ван

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Юримен
Юри
Лауазымы
Когурёның 2-ваны
б.з.б 19 — б.з 18
Ізашары Тоңмиоңсоң
Ізбасары Темусин ван
Өмірбаяны
Дүниеге келуі белгісіз
Корей түбегі
Қайтыс болуы 18 (0018)
Династия Ко
Әкесі Тонмёнсон
Балалары Мухюль

Юримен ван(?— 18 б.з тірі кезіндегі есімі — Юри немесе Юрю) - ерте дәуірдегі феодалды Когурё мемлекетінің екінші билеушісі. Оның өмірі мен билік құрған кезеңі жайлы деректерді Самгук саги шығармасы келтіреді.

Жастық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Когурёның негізін қалаушы Тонмёнсонның үлкен ұлы бола тұра Юри Пуё мемлекетінде тәрбиеленді. Б.з.д 19 жылы ол анасымен бірге әкесінің сарайына келді. Тонмёнсон баласы Юриді мұрагері деп жариялаған соң, оның Онжо мен Пирю есімді ағаларының өміріне қауіп төнді. Олар анасымен бірге корей түбегінің оңтүстігіне қашып кетеді де, корей тарихындағы Үшпатшалықтың екіншісі — Пэкченің негізін қалайды. Самгук сагидің хабарлауынша ел негізін Пирю қалаған. Юри сол уақытта әкесінің орнына таққа отырған болатын.

Жылнамаларда Юримен беделді әрі әскери тұрғыда мықты билеуші ретінде суреттелген.[1] Б.з.б 9 жылы ол сюнну державасын бағындырады, ал алты ай өткен соң ел астанасын Хвандо (қазіргі уақыттағы Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзианьн қаласы) қаласына ауыстырады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]