Мазмұнға өту

Самгук саги

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Самгук саги
三國史記
Басылым
Авторы

Ким Бу Сик

Түпнұсқа тілі

Вэньянь

Жазылған жыл

1145

Баспагер

белгісіз

Шығарма мәтіні Уикикітапта

«Самгук саги» (кор. 삼국사기, 三國史記, Samguk Sagi, Samguk Sagi, Үш патшалық хроникасы) — Кореяның Үш патшалығы: Когурё, Пэкче және Силла кезеңін баяндайтын тарихи еңбек. «Самгук Саги» қытай тілінде жазылған (сол кездегі барлық корей тарихи шығармалары сияқты). Еңбекті жазу корёлық ван Инджонның кезеңінен (1122— 1146) басталып, сарайдағы Ким Бу Сик (金富軾) бастаған ғалымдар тобы еңбектің жазылу процесін қадағалады. Еңбек 1145 жылы аяқталды. Қазіргі уақытта корей тарихындағы ең көне тарихи шығарма саналады. Еңбек 50 томнан (квоннан) тұрады:

  • «Силла жайлы жазбалар» («Наги»; 나기 羅紀, немесе «Силла понги» 本紀) (16 том)
  • «Когурё жайлы жазбалар» («Ёги»; 여기 麗紀/«Когурё понги») (10 том)
  • «Пэкче жайлы жазбалар» («Чеги»; 제기 濟紀/«Пэкче понги») (6 том)
  • Хронологиялық кестелер («Нёнпхё» 년표 年表) (3 том)
  • Монографиялар («Чи» 지 志) (9 том): салтанаттар мен музыка, транспорт және тұрғын үй, география, саяси құрылымы
  • Өмір жазбалары («Ёльджон» 열전 列傳) (10 том)

«Самгук саги» еңбегін қытайлық «Үш патшалық жайлы жазбалар» еңбегімен шатастырмау керек. Қытайлық еңбекті Чэнь Шоу жазып қалдырған болатын.

  • Соловьёв А. В. Некоторые проблемы изучения культуры Кореи периода Трех государств (Ким Бум Сиктың «Самгук саги» еңбегін негізге алған).
  • Ким Бусик. Самгук саги. —М. Шығыс әдебиеті, 2001.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]