Мазмұнға өту

Целом

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Целом (сининоним: екінші қуыс, дейтераңель, метаңель).— мезотелиймен қапталған ұрық қуысы, қалың мезодермальды ұрық клеткаларының жылжуымен немесе алдығы ішекті баулықтап тігу жолымен пайда болады: целомы бар сүтқоректі жануарлар мен адамдарда үлпершек (жүрек қабығының), сірі қабық және құрсақ қуыстары пайда болады.[1] Екінші реттік дене қуысы , целом (грек. koіloma — ойыс, қуыс) — көп клеткалы жануарлардың (моллюскілер, буылтық құрттар, қылтанжақтылар, тікентерілілер, жартылай хордалылар, хордалылар) денесі мен ішкі мүшелері аралығындағы қуыс. Целом қуысы ұрықтың мезодермальдік дамуы кезінде арнайы эпителий қабаты болуымен сипатталады. Онда целом сұйығы сақталады. Целом қуысының негізгі қызметі — денеге тірек болу (дене бұлшық етінің жиырылуын целом сұйығы қамтамасыз етеді). Целом қуысы организмнің ішкі ортасының биохим. тұрақтылығын сақтайды, сондай-ақ, қоректі сіңіру, тыныс алу, зәр шығару, жыныстық көбею, т.б. қызметтерін де атқарады. Е. р. д. қ-ның пайда болуы туралы әр түрлі пікір бар. Соңғы кезде ғалымдар целом қуысы бірінші реттік дене қуысы клеткаларының ажырауынан және тінаралық бөліктердің ұлғаюынан пайда болған деген гипотезаға тоқталуда.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5