Мазмұнға өту

Хубсугул

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хубсугул көл

Хубсугул, Косогол — Моңғолияның солтүстігіндегі көл. Саянның оңтүстік сілеміндегі 1645 м биіктіктегі тауаралық тектоникалық ойыста орналасқан. Ауданы 2620 квадрат километр ұзындығы 134 километр, ені 36 километр, тереңд. 238 м. Хубсугулден Эгийн-Гол өзені (Селенга өзені алабы) бастау алады. Суы тұщы. Қарашада қатып, мамыр — маусымда мұзы кетеді. Жағалауы биік, тік жарлы. Көл балыққа бай, кеме жүзеді.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том