Мазмұнға өту

Сілекей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сілекей (лат. saliva) - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Үш түрлі сілекей (шықшыт, тіл асты, жақ асты) бездерден шығатын зат. Сілекейдің сутектік көрсеткіші — рН (6,8—7,0) аралығында, яғни бейтарап реакцияға жақын келеді. Құрамына органикалық және бейорганикалық заттар кіреді. Қалыпты жағдайда сілекей тіс эмаліне минерал тұздардың кіруіне, оның қатты болуына әрі эмаль үстінде рН өзгермеуіне ықмал жасайды. Бактерияға қарсы тұратын қасиеті зор. Cілекейдің аз бөлінуі (гипосаливация), мүлдем бөлінбей қалуы, ауыздын құрғауы (ксеростомия) деп аталады. [1] [2] Ауыз қуысында сілексідің бөлінуінің маңызы зор. Шықшыт сілекей безі сау кезінде мөлдір зат болса, дертке шалдыққанда — сілекейі қоюлана түседі. Осыған сәйкес, сілекей шамадан тыс бөлінсе — гиперсаливация, аз бөлінсе — гипосаливация делінеді. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3