Стигмергия
Стигмергия (гр. "еңбекке ынталандырамын")— адамның шығармашылық еңбек процесіне берілу феномені, адамның еңбекке өздігінен ынталануы. Стигмергия жұмыстың өзі еңбек процесіне қатысушыны қамшылап, еңбек ләззат алушылыққа айналатын кезде болады. Стигмергия басқаруда, кадр саясатында, адам құрамымен жұмыста ертеден және табысты қолданылып келеді, барлық тәжірибелі саясатшылар, қоғам қайраткерлері, әр түрлі дәрежедегі басшылар оны шеберлікпен пайдаланады. Еңбек процесіне қосылған адам cтигмергия әсеріне ұғына отырып бағынады. Адамзат қоғамының дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі еңбек процестеріне жасалған көптеген зерттеулердің нәтижелеріне қарап мынадай қорытынды жасауға болады: шебер басшылық жасалғандай жағдайда қызғылықты, шығармашылық жасампаздық жұмыс қажеттілікке айналып, қанағаттанушылық сезіміне бөлейді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |