Мазмұнға өту

Сиыршы (ру)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

СиыршыЖалайыр тайпасының cырманақ тармағынан тарайтын ру. Орыс географы қоғамының Н.А. Абрамов басқарған зерттеушілері жинаған мәліметтерінде 1864 жылы С-дан тараған сырымбет, бәйімбет аталары 800 түтін болған. Қыстаулары — Жалғызағаш пен Лаба тауы, жайлауы Ешкіөлместе — Қызылжора сайы, Қараталдың оң жағы. Сиыршының ұраны мен таңбасы жалайырмен бірдей.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]