Мазмұнға өту

Жәнтекей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жәнтекей— қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы керей тайпасының абақ керей тармағынан таратылады. Керейдің "ес ағасы" аталатын, ең мол санды руы. Алтай тауына қоныстанған. Ішінен есағасы, ботақара, қазыбек, тасбике, есіргеп, барқы, түкібай, хангелді, секел, атантай, шақабай, базарқұл секілді көптеген ұсақ руларға бөлінеді. Ұраны — Шақабай, таңбасы — абақ.