Оңтүстік Тарава

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Оңтүстік Тарава
ағылш. South Tarawa
Әкімшілігі
Ел

 Кирибати

Статусы

Астана

Аймағы

Гилберт аралдары

Тарихы мен географиясы
Координаттары

1°24′ с. е. 172°58′ ш. б. / 1.400° с. е. 172.967° ш. б. / 1.400; 172.967 (G) (O) (Я)Координаттар: 1°24′ с. е. 172°58′ ш. б. / 1.400° с. е. 172.967° ш. б. / 1.400; 172.967 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

15,76 км²

Орталығының биiктігі

3 м

Уақыт белдеуі

UTC+13

Тұрғындары
Тұрғыны

50 182 адам (2010)

Тығыздығы

3184,14 адам/км²

Оңтүстік Тарава картада
Оңтүстік Тарава
Оңтүстік Тарава
Оңтүстік Таравадағы Кирибати парламентінің ғимараты

Оңтүстік Тарава (ағылш. South Tarawa) немесе Теинаинано қалалық кеңесі (ағылш. Teinainano Urban Council) — микронезиялық Кирибати мемлекетінің ресми астанасы, Тарава атоллында орналасқан. Халық саны — 50 182 адам (2010 жыл)[1]. Халық тығыздығы — 3184,14 км²/адам. Аумағы — 15,76 км²[2].

Муниципалитеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Оңтүстік Тараваның муниципалитеттер картасы (қызыл түс)

Оңтүстік Тарава елдің әртүрлі мемлекеттік мекемелері және негізгі кәсіпорындары орналасқан төрт қалалық муниципалитеттен тұрады: Бетио (ағылш. Betio), Баирики (ағылш. Bairiki), Бонрики (ағылш. Bonriki), Бикенибеу (ағылш. Bikenibeu) (олардың барлығы бір аттас аралдарда орналасқан)[3].

Бетиода, елдің басты порты, атоллдың басты электр стансасы, бірнеше үкімет мекемелері, Теңіз институты (ағылш. The Maritime Training Institute) және бірнеше сауда мекемелері орналасқан.

Бетио аралынан 3 км қашықтықта ораласқан Баирики аралында елдің басты үкімет мекемелері, соның ішінде президент резиденциясы, парламент, бірқатар министрліктер, Кирибатидің Ұлттық соты, пошта, телебайланыс мекемелерінің орталық кеңселері және қалалық базар орналасқан.

Бонрики муниципалитетінде Оңтүстік Таравадағы 60 орынға шақталған ең ірі қонақ үй, білім министрлігі, мұғалімдерді дайындау орталығы (ағылш. The Teachers Training College), ұлттық аурухана орналасқан.

Бонрикиден 5-7 км қашықтықта жатқан Бикенибеу аралында әуежай, Табиғи ресурстар министрлігі орналасқан.

Бонрики және Бетио көптеген бөгеттермен бірлескен.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Перепись населения (2010) Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2013 жылы.
  2. Kiribati National Statistics Office. Kiribati 2005. Census of population and housing: provisional tables. Table 1. Population by Ethnic group and Island with Land Area and Density.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 тамыз 2011. Тексерілді, 31 мамыр 2007.
  3. Trevor H.B. Sofield. Outside the Net: Kiribati and the Knowledge Economy.. Murdoch University, Western Australia. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 ақпан 2012. Тексерілді, 31 мамыр 2007.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]