Науру (халық)
Науру халқы немесе наурулықтар — Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Науру аралының байырғы тұрғындары. Саны — шамамен 7.000 адам, негізінде Науруда. Лингвистикалық және географиялық белгілері бойынша микронезиялықтарға жатады.
Шығу тегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Наурулықтар сыртқы келбеті және мәдени жағынан меланезиялық, микронезиялық және полинезиялық ерекшеліктері бар халық ретінде сипатталады. Бұл жайт, сонымен қатар археологиялық қалдықтарының аздығы, еуропалықтардың келуіне дейінгі Науру және Микронезия тарихы бойынша жазба деректердің жоқтығы, бұл халықтың шығу тегін анықтау мәселесі қиындай түсті және шығу тегін түсіндірудің әртүрлілігіне әкелді.
Наурулықтар Науру аралының маңында әдейі немесе кеменің апатқа ұшырауы кесірінен түскен полинезиялық колонистердің ұрпақтары болуы мүмкін деген болжам жасалды.[1] Зерттеулер бойынша Полинезия жағдайында шамамен 50 адамды құрайтын топтың аман қалуына үлкен мүмкіндік бар, бірақ наурулықтар полинезиялықтардың ұрпақтары ретінде жоғарыда келтірілген белгілер бойынша бола алмайды. Молекулярлы-генетикалық зерттеулер бойынша наурулықтар генетикалық өлшемдерімен полинезиялықтардан айқын бөлінеді.
1920-шы жылдары Науруға алғашқы болып меланезиялықтар қоныс аударған, кейін олар біраз уақыттан келген полинезиялықтармен араласыты деген гипотеза алға тартылды. Осындай көзқарастар заманауи қайнарларда да кездеседі. Бұдан басқа, наурулықатар меланезиялықтардың, микронезиялықтардың және полинезиялықтардың араласуы нәтижесінде пайда болған халық ретінде жиі қарастырылады.
Қазіргі ахуалы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Наурулықтардың түгелге жуығы ағылшын және науру тілдерін жеттік меңгерген, бірақ жас ұрпақ ағылшын тілін жиірек қолданады. Наурулықтардың 70 %-ға жуығы — Науру протестанттық шіркеуінің ізбасарлары, қалғандары — католиктер.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ethnografie // Nauru: Eine Informationsseite der Deutsch-Nauruischen-Gesellschaft Мұрағатталған 9 мамырдың 2008 жылы.
|
|