Кирибати

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 1°19′38″ с. е. 172°59′04″ ш. б. / 1.32722° с. е. 172.98444° ш. б. / 1.32722; 172.98444 (G) (O) (Я)
Кирибати Республикасы
кириб. Ribaberiki Kiribati
ағылш. Republic of Kiribati
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Te Mauri, Te Raoi ao Te Tabomoa
(Health, Peace and Prosperity)
(Денсаулық, бейбітшілік пен өркендеу)»
Әнұран: «Teirake Kaini Kiribati»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 12 шілде 1979 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері кирибати, ағылшын тілі
Елорда Оңтүстік Тарава
Ірі қаласы Оңтүстік Тарава
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Вице-президент
Танети Маамау
Тейма Онорио
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 172-ші орын
811 км²
Жұрты
• Сарап (2015)
Тығыздығы

110 136[1] адам
152[2] адам/км² (73-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

250 млн. $
2,135[3] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

187 млн. $
1,599[3] $
АДИ (2014) 0,590[4] (орташа) (137-ші)
Валютасы Аустралия доллары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .ki
ISO коды KI
ХОК коды KIR
Телефон коды +686
Уақыт белдеулері +12, +13, +14

Кирибати Республикасы (кириб. Ribaberiki Kiribati, ағылш. Republic of Kiribati) (қаз. оқылуы "Кирибас") – Тынық мұхиттың батыс жағындағы Солтүстік Тарава атолласы мен Гильберта, Лайн, Феникс, Банаба (Ошен) аралдарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 717 км²

Халқы – 81 мың адам (1998). Негізгі тұрғындары полинезиялықтар мен микронезиялықтар, сондай-ақ, қытайлар мен еуропалықтар да тұрады. Халқы христиан дінінің католик және кельвиншілдік тармақтарын ұстанады.

Астанасы – Баирики қаласы. Елді президент басқарады (1998 жылдан Тебуроро Тито). Кирибати – Британ Достастығына мүше. Заң шығарушы органы – Ассамблея палатасы. Ұлттық ақшасы – Аустралия доллары.

Кирибати орналасқан аралдар кейін пайда болған. Мұхиттан 80 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан. Климаты экваторлық. Жыл бойғы орташа температура бірқалыпты (26 – 28оС). Жыл бойғы орташа жауын-шашын мөлшері 1000 – 3000 мм. Аралдарда, көбінесе, бұталы өсімдіктер, ал солтүстіктегі аралдарда орман өседі.

Б.з.б. 1-мыңжылдықта Кирибати жеріне оңтүстік-батыстан австронезия тілінде сөйлейтін тайпалар келіп қоныстанады. 1606 ж. аралдарға тұңғыш рет испан жиһанкездері келді. 18 ғ-дың аяғында Кирибати территориясына ағылшын теңізшілері қоныстана бастады. 1857 ж. елге христиан миссонерлері келіп, өз діндерін уағыздады. 1892 ж. Гильберта (Кирибати) және Эллис (Тувалу) аралдары, 1916 – 39 ж. бұрын адамдар тұрмаған Феникс, Рождество, Банаба, Лайн аралдары Ұлыбритания отары болып жарияланды. 1942 – 43 ж. Кирибати жерін жапондар басып алды және АҚШ пен Жапония әскерлері арасында қызу шайқастар жүрді. 1950 ж. Рождество аралында Ұлыбритания ядролық қару сынады. 1963 ж. аралдарда заң шығарушы орган құрылды. 1975 ж. негізгі халқы меланезиялықтар болып саналатын Эллис аралы Ұлыбританиядан бөлініп, Тувалу мемлекетін құрды. 1977 ж. микрозиялықтар тұратын Гильберта аралы өзін өзі басқаруға қол жеткізді. 1977 ж. аралдардың барлығы бірігіп Британ Достастығына кіретін тәуелсіз Кирибати республикасы атанды.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халқы, негізінен, ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Ұлттық байлығы – жылына 76 млн. АҚШ доллары, жан басына шаққанда 980 доллар. Экспортқа балық, теңіз өсімдіктері, банан, нан ағашы өнімдерін, таро шығарады. Өнімдерін, негізінен, АҚШ-қа шығарады. Шеттен азық-түлік, машиналар мен құрал-саймандар, шаруашылық тауарларын алады. Негізгі сауда серіктестері: Австралия, Бангладеш, Жапония, АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Қытай, т.б.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Kiribati Stats at a Glance. Kiribati National Statistics Office. Басты дереккөзінен мұрағатталған 8 қаңтар 2017. Тексерілді, 12 шілде 2017.
  2. Based on a land area of 726 sq. km., as used by Kiribati's National Statistics Office on page 32 of the 2015 Population and Housing Census Мұрағатталған 29 қазанның 2019 жылы..
  3. a b https://www.imf.org/external/pubs/ft/weo/2019/01/weodata/weorept.aspx?pr.x=76&pr.y=6&sy=2017&ey=2024&scsm=1&ssd=1&sort=country&ds=.&br=1&c=826&s=NGDPD%2CPPPGDP%2CNGDPDPC%2CPPPPC&grp=0&a=
  4. 2015 Human Development Report. United Nations Development Programme (2015). Тексерілді, 15 желтоқсан 2015.