Мазмұнға өту

Нейлон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нейлон (neylon), талшық пішінде дайындалған әдетте жоғарғы МОЛЕКУЛАЛЫҚ САЛМАҚТАҒЫ полиамидтен тұратын синтетикалық пластикалық материал. 1930 жылы Дюпон жасап шығарды. Мұнай, көмір, су, ауа сияқты құрауыштардан алынып, химиялық жолмен өндірілген талшықтар ПОЛИМЕР саласындағы зерттеулерге жағдай жасады, соның нәтижесінде синтетикалық материалдардың жылдам өсуіне алып келді. Ол талшық, жіп, қыл, тоқыма жіпті өндіру үшін парақ, тоқыма мата, арқан түрінде дайындалады. Көпке дейін аса тозбайды, химикаттар мен жылу тез әсер етеді. Сырт киім мен трикотажды өндіру үшін жіп түріндегісі жақсы дамыған. Сондай-ақ, У.Х.Карозерсті қараңыз.