Мазмұнға өту

Ninety One

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ninety One
логотипі
Негізгі ақпарат
Жанры

Q-pop

Белсенділік
жылдары

2015—қазіргі күн

Мемлекет

 Қазақстан

Қайдан

Алматы Облысы

Өлеңдерінің
тілдері

қазақша

Лейблі

JUZ Entertainment

Топ құрамы

ALEM
ACE
ZaQ
BALA

Бұрынғы
қатысушылары

A.Z.

juzent.com

Ninety One немесе 91 (/ˈnaɪnti wʌn/, қаз. "Тоқсан бір") — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 4 мемберден тұратын қазақстандық бойз-бэнд. Топ мүшелері: ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Экс рэпері A.Z. Азамат Зенкаев 4 тамызда 2020 жылы топ қатарынан ресми түрде шықты. Топ K-pop жанрынан бастау алып, Q-pop (Qazaq-pop) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.

Ninety One - миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы Қазақстандық топ. Топ ұжымы 2015 жылы "Айыптама" әнімен дебют жасап, өздерін таныстырды. Ән көптеген музыкалық чарттардан алғашқы орындарды иеленіп, бейнебаяны мен топ мүшелерінің сырт келбеттері адамдардың қызығушылықтарын тудырды. Ары қарай, шығарылған күні-ақ хит болған мини-альбомдар мен синглдер халық назарына арты-артынан ұсыныла бастады. Бейнебаяндар YouTube желісінде көп қаралымдар жинап, 120 елдің музыкалық чарттарында бой көрсетті.[1]

2015: Айыптама әнімен дебют алуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ninety One тобы 2014 жылы болған K-Top Idols жобасының негізінде KTI-boys деген атаумен құрылған. ZAQ пен A.Z бұл жобаның жеңімпаздары болған, ал ALEM мен BALA топқа кастинг арқылы қосылды. ACE SM Entertainment агенттігінде 2,5 жыл стажер болып, топқа қосылды. KTI-boys 1,5 жыл бойы күрделі дайындықтан өтіп, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Ninety One атауымен алғашқы "Айыптама" синглын жарыққа шығарды. Дәл сол жылдың 8 қазан айында осы әнге бейнебаян түсіріліп, халық назарына ұсынылды. Клип Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы үздік атанып, 31 наурыз күні топқа Gakku TV арнасының арнайы сыйлығы табысталды[2]. 2015 жылдың 1 желтоқсанында топтың «Айыптама» атты дебюттік мини-альбомы жарық көрді. Альбомның презентациясы 1 желтоқсан күні Алматы қаласында өтсе, 8 желтоқсан күні Астана қаласында Хан Шатыр ойын-сауық кешенінде өткізілді.

2016: Қайтадан

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2016 жылдың 3 ақпанында Ninety One тобының «Айыптама» альбомы «Apple Inc.» компаниясының iTunes медиаплееріне енгізілді[3]. 2016 жылдың 2 маусымында Алматы қаласында топтың «Қайтадан» әніне кезекті бейнебаян жарыққа шықты, ал 5 маусым күні Астана қаласында клиптің тұсаукесері өтті. Бұл бейнебаян да Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы 1 орында тұрып кезекті «Gakku Top Ten» арнайы сыйлығын иеленді. 2016 жылдың 4 қыркүйегінде Астана, ал 24 қыркүйек күні Алматы қаласында өнерлеріне 1 жыл толуына орай жеке концерттерін берді. Сол жылы топ Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Семей, Петропавл, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау қалаларында өзінің жеке концерттерін беріп, 23 шілде - 5 тамыз аралығында Қытайда өткен Орда тобының жеке концертіне қатысты.

2017: "QARANGY ZHARYQ"

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2017 жылдың 1 мамырында төрт айлық үзілістен кейін топ «QARANGY ZHARYQ» атты жаңа толық альбомына енген «Su asty» әніне түсірілген бейнебаянмен сахнаға қайта оралды (comeback). Әннің тұсауы НТК телеарнасында кесілді[4]. «QARANGY ZHARYQ» альбомының алғашқы бөлімінің тұсаукесерінде жігіттер аталмыш альбом бес шағын альбомнан тұратындығын және әр альбомға екі ән енетіндігін айтты. Сонымен қатар альбомның ішінде Қазақстандық алғашқы комикс - пайым («paiym») жарыққа шақты. Пайым атауы - Su Asty Corporation. Қазіргі кезде альбомның тек 2 бөлімі жарық көрді. 2017 жылдың 2 шілдесінде 91 тобы "QARANGY ZHARYQ" атты ресми турын Талдықорғанда бастап, Қазақстанның Тараз (4 шілде), Орал (7 шілде), Ақтау (9 шілде), Қостанай (11 шілде), Өскемен (13 шілде) және Семей (14 шілде) сияқты қалаларында өздерінің жеке концерттерін қойып, 16 шілде күні Қарағанды қаласында турларын аяқтады.

Топ атауы алғашында KTI-boys болған. Одан 91- ге ауысты. Топтың "NINETY ONE" деп аталуын топ мүшелері Қазақстан Республикасының 1991 жылы алынған тәуелсіздігімен түсіндіреді. Топ бұнымен өздерін де, өз музыкасының, стилінің тәуелсіз екенін көрсеткісі келді.

Ninety One тобы құрылған сәттен бастап, сыртқы келбеттеріне сын айтушылар саны көп болды. Топтың алғашқы бейнебаянына әлемнің 120 мемлекеті назар аударып, 50-ден астамы видео-реакция түсіріп, өнерлерін мойындағанымен, Қазақстанның орта буыны қабылдамады. Мәселен, Жігіттер тобының мүшесі Бағлан Әбдіраймов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосынов, Төреғали Төреәлі сияқты өнер адамдары топқа қарсылықтарын білдірді. Ал Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Тұрсынбек Қабатов cынды әртістері және өнер жолындағы жас буын топты қолдап шықты. Сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды қалаларында ұйымдастырушылардың жауапкершілігінің төмен болуына байланысты топтың жеке концерттері болмай қалды. Шымкент және Ақтөбе қалаларында концерттерінің болмай қалған оған аға буын өкілдері қарсы шыққан болатын.

Топ әндері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Айыптама
  • Қайтадан
  • Қалай қарайсың?
  • Ұмытпа
  • Қайырлы түн
  • У
  • Ля
  • Tap-Tap
  • Бүгінгі күннен
  • Su Asty,
  • Yeski Taspa Bii'
  • M.B.B.A.B.B.D
  • Bayau
  • Mooz
  • Sau
  • Ah!Yah!Mah!
  • E.YEAH
  • ALL I NEED
  • BOYMAN
  • Why'm
  • Men emes
  • Bári biled
  • Kóilek
  • Olar
  • Señorita
  • Oinamaqo
  • Nice Weather
  • Taboo (feat. Ирина Кайратовна)
  • Darn
  • Jurek
  • Bope
  • Abuse
  • Bata
  • Qooma
  • Suraqtar

Топ мүшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лақап аты Шынайы есімі Туған күні Туған жері Топтағы орны
ALEM Малік Батырхан Абайұлы 18 ақпан 1993 жыл  Өзбекстан, Үшқұдық вокалист, топтың үлкені
ACE Азамат Қайратұлы Ашмақын 29 тамыз 1993 жыл  Қазақстан, Алматы лидер, вокалист, жетекші биші,топ келбеті
ZaQ Дулат Болатұлы Мұхаметқали 8 ақпан 1996 жыл  Қазақстан, Семей бас биші, рэпер
BALA Данияр Ақылбайұлы Құлымша 19 ақпан 1998 жыл  Қазақстан, Ақтөбе бас вокалист, кенже

Азамат Байболатұлы Зенкаев — топ лидері, рэпер, 1993 жылдың 28 қыркүйегінде Атырау қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен басқа әпкесі және інісі бар. 2004 жылдан бастап рэпке қызығушылық пайда болып, фристайл баттлдарға қатысқан. 2006 жылдан бастап андэрграунд рэппен профессионалды тұрғыда айнылысады. K-TOP IDOLS жобасының жеңімпазы.

2020 жылы 4 тамызда "ninetyone" инстаграм парақшасында, Азамат Зенкаев топтан кететіні туралы ресми түрде хабарланды.

Батырхан Абайұлы Мәлік — топ вокалисті, топтың үлкені. 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек ағасы және қарындасы бар. Ресейдің Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра классында оқыған. «Қазақстан Дауысы» атты республикалық вокалды телевизиялық шоу жобасының финалисті. Х-фактор жобасының жартылай финалисті. Барселона (Испания), Берлин (Германия) және Ресей қалаларында өткен халықаралық конкурстар лауреаты.

Азамат Қайратұлы Ашмақын — топ вокалисті, топтың көшбасшысы, жетекші биші, 1993 жылдың 29 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Інісі бар. Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Оңтүстік Кореялық продюсерлік SM Entertainment (кор. SM엔터테인먼트) атты музыкалық агенттік аясында 2012-2015 жылдары Корея Республикасында білім алып келген. Сондықтан қазақ және орыс тілдерінен бөлек корей тілін біледі. Тілдерге деген қызығушылығы өте жоғары. Мистикалық және эзотерикалық кітаптарды оқығанды жақсы көреді.

Дулат Болатұлы Мұхаметқали — хореограф, рэпер, 1996 жылдың 8 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Үржар ауданы Үржар ауылындағы "Ілияс Жансүгіров" атындағы орта мектепте 11 жыл оқыған. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Орыс тілінен халықаралық олимпиада жеңімпазы. "K-TOP IDOLS" жобасының жеңімпазы. Жас Отан партиясының мүшесі.

Данияр Ақылбайұлы Құлымша — топ вокалисті,макнэ. 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Сурет салғанды ұнатады. Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің 1 курс студенті. «Brotherhood» аспапты тобының бұрыңғы мүшесі.

Бұрынғы топ мүшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топтың фандомы - ''EagleZ''. «EagleZ» ағылшын тілінен аударғанда "қырандар" деген мағына білдіреді. Соңындағы "Z" әрпінің қойылу ерекшелігі де бар. Бұл тыңдаушылардың қазіргі "Z буыны" екендігін көрсетеді. "EagleZ" атауы топтың атымен тығыз байланысты. Топ мүшелері жанкүйерлерін еркін, биіктегі қыранға теңейді. Жігіттер өздерінің талантымен тек Қазақстанда емес, сонымен қатар Ресей, Украина, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттары, Канада, Қытай және басқа мемлекеттерде әйгілі болып, EagleZ-дың саны көбеюде. Шетелдік жанкүйерлер бейнебаян және видеоларына реакция түсіріп, әлеуметтік желілерге жіберіп отырады.

Дискография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ән аты Шыққан күні Альбом
Айыптама 01.09.2015 "Айыптама" альбомы
Қайтадан 26.01.2016 "Айыптама" альбомы
Қалай қарайсың? 10.02.2016 "Айыптама" альбомы
Қайырлы түн 02.06.2016 "Айыптама" альбомы
Ұмытпа 02.06.2016 "Айыптама" альбомы
Ля 28.05.2017 "Qarangy Zharyq" альбомы
Su Asty 01.05.2017 "Qarangy Zharyq" альбомы
Yeski Taspa Bii` 05.06.2017 "Qarangy Zharyq" альбомы
Бүгінгі күннен 30.06.2017 "Qarangy Zharyq" альбомы
Bayau 10.07.2017 "Qarangy Zharyq" альбомы
Mooz 21.08.2017 "Qarangy Zharyq" альбомы
У 28.03.2018 "Qarangy Zharyq" альбомы
Ah!Yah!Mah! 31.12.2017 "Qarangy Zharyq" альбомы
Sau 28.03.2018 "Qarangy Zharyq" альбомы
E.YEAH 25.06.2018 "DOPAMINE" альбомы
ALL I NEED 08.08.2018 "DOPAMINE" альбомы
BOYMAN 12.10.2018 "DOPAMINE" альбомы
Why'm 01.01.2019 "DOPAMINE" альбомы
Men emes 29.07.2019 "MEN EMES" мини-альбомы
Bari Biled 05.08.2019 "MEN EMES" мини-альбомы
Koilek 12.08.2019 "MEN EMES" мини-альбомы
Olar 20.08.2019 "MEN EMES" мини-альбомы
TABOO 25.12.2020 "91" альбомы
Drift 29.12.2022

Альбомдар/Мини-альбомдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Альбом/Мини-альбом Ақпарат
1. Мини-альбом "Айыптама" Презентациясы 2015 жылдың 1 желтоқсанында өтті (Алматы), 17 желтоқсан (Астана)
2. "Qarangy Zharyq" альбомы "Qarangy Zharyq" part 1 презентациясы 2017 жылдың 28 мамырында өтті (Алматы)

"Qarangy Zharyq" part 2 презентациясы 2017 жылдың 30 маусымында өтті (Алматы)

3. "DOPAMINE" альбомы Презентациясы 2018 жылдың 25 маусымында өтті.
4. "MEN EMES" мини-альбомы Алғашқы сингл 2019 жылдың 29 шілдесіне шықса, алльбомның соңғы әні сол жылдың 20 тамызында шықты (Алматы).
5. "EP" альбомы 2020 жылдың 6 қарашасы.

Видеография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бейнебаяндар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аты Шыққан күні
1. Айыптама 08.10.2015
2. Қайтадан 02.06.2016
3. Қалай Қарайсың? 12.12.2016
4. Su Asty 01.05.2017
5. Yeski Taspa Bii` 20.06.2017
6. Bayau 07.07.2017
7. Mooz 21.08.2017
8. Ah!Yah!Mah! 31.12.2017
9. E.YEAH 25.06.2018
10. ALL I NEED 08.08.2018
11. Why'm 01.01.2019
12. Men Emes 01.08.2019
13. Bari Biled 08.08.2019
14. Senorita (Tekketekke) 22.09.2020
15. Oinamaqo 21.12.2020
16. Taboo (ft.Ирина Кайратовна) 25.12.2020

Ninety One SPACE - топтың күнделікті өмірі жайлы бейне-күнделік.

1 маусым

Ninety One SPACE (N.O.S.) Шыққан күні
N.O.S №001 31.01.2016
N.O.S №002 20.02.2016
N.O.S №003 08.03.2016
N.O.S №004 20.03.2016
N.O.S №005 14.11.2016
N.O.S №006 01.12.2016
N.O.S №007 31.12.2016
N.O.S №008 13.02.2017
N.O.S №009 22.03.2017

2 маусым

Ninety One SPACE (N.O.S.) Шыққан күні
Ninety One SPACE S2 EP.0 - START 25.11.2018
Ninety One SPACE S2 EP.1 - E.YEAH 02.12.2018
Ninety One SPACE S2 EP.2 - TURKEY part I 09.12.2018
Ninety One SPACE S2 EP.3 - TURKEY part II 17.12.2018
Ninety One SPACE S2 EP.4 - Біздің күндер 24.12.2018
Ninety One SPACE S2 EP.5 - Happy New Year, Eaglez! 31.12.2018

3 маусым

Ninety One SPACE (N.O.S) Шыққан күні
Ninety One SPACE S3 EP.1 - Welcome back, Korea! 14.03.2019
Ninety One SPACE S3 EP.2 - Jejuda 18.03.2019
Ninety One SPACE S3 EP.3 - Mysterious Road 21.03.2019
Ninety One SPACE S3 EP.4 - Manjanggul cave 26.03.2019
Ninety One SPACE S3 EP.5 - Jusangjeolli Cliff 03.2019
Ninety One SPACE S3 EP.6 - Seongsan Ilchulbong 02.04.2019
Ninety One SPACE S3 EP.7 - Busan "Sea Life" Aquarium 05.04.2019
Ninety One SPACE S3 EP.8 - Oryukda Skywalk 09.04.2019
Ninety One SPACE S3 EP.9 - SPA LAND Centrum City 12.04.2019
Ninety One SPACE S3 EP.10 - #HBDALEM & LOTTE WORLD 17.04.2019
Ninety One SPACE S3 EP.11 - NANTA & MBC World 24.04.2019

Special Edition

Ninety One SPACE Шыққан күні Ninety One SPACE [Unreleased] - Quma Vlog 13.05.2019 Ninety One Space Special Edition For Eaglez 21.10.2020

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • GAKKU ӘУЕНДЕРІ 2016: Номинация «Открытия года»
  • GAKKU TOP-10 2016: «Айыптама» əні
  • ЕМА 2016: «Прорыв года»
  • EMA 2016: «Абсолютный радио-хит» Сингл «Қайтадан»
  • ЖЫЛ ТАҢДАУЫ 2016
  • EMA 2017: «Үздік жігіттер тобы»
  • EMA 2017: «Үздік əн» - «Қалай қарайсың»
  • ЖЫЛ ТАҢДАУЫ 2017:
  • Премия Ticketon 2018: Казахстанский концерт года - «Специальная премия. Выбор Казахстанских зрителей»
  • ВЫБОР КРИТИКОВ 2018: Лучшая песня «Mooz» (фильм «Ninety One»)
  • ЕМА 2018: Үздік клип "Ah!Yah!Mah"
  • ЕМА 2018: Үздік Q-POP əртіс
  • МЕЖДУНАРОДНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ "ASTANA DAUSY-2018": СПЕЦИАЛЬНАЯ СТАТУЭТКА И ДИПЛОМ
  • JYL TAŃDAÝY 2018
  • ҚЫЗЫҚ ПРЕМИЯ: "ҮЗДІК Q-POP ƏРТІС"

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
N I N E T Y    O N E
A.Z. · ALEM · ACE · ZaQ · BALA
Альбомдар: Айыптама (мини-альбом), Qarangy Zharyq, DOPAMINE
Синглдер: «Айыптама», «Қайтадан», «Қалай қарайсың?», «Қайырлы түн», «Ұмытпа», «Lady», «Бүгінгі күннен», «У (o_O)», «Айыптама мені», «Ля», «M.B.B.A.B.B.D», «Su Asty», «Yeski Taspa Bii'», «Bayau», «Mooz», «Sau», «Ah!Yah!Mah!», «E.YEAH», «ALL I NEED», «BOYMAN»,