Домендік атау жүйесі
Домендік Атау Жүйесі (ағылш. Domain Name System — орыс. Система Доменных Имён) - Интернет желісіндегі IP адрестерінде — компьютердің атын есте сақталатын домендік атауға (мысалы, www.ip.com) ауыстыру механизмі. Мұндай өзгертулер атаудың домендік жүйесінің арнайы серверлерінде автоматты түрде атқарылады. DNS-тің түпкі идеясы домендік атаулардың және аймақтардың иерархиялық құрылымының көрінісі болып табылады. Атауға жауап беруші әрбір сервер, доменнің алдағы бөлімінің жауапкершілігін басқа бір серверге сілтей алады (әкімшілік тұрғыдан қарағанда - басқа ұйымға немесе адамға). Бұл тек "өзінің" домендік атау бөлігіне жауапты түрлі ұйымдардың(адамдардың) серверінде ақпараттың өзектілігіне жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
DNS негізгі сипаттамалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]DNS келесі сипаттамаларға ие:
- Әкімшілік ету бөлінісі. Иерархиялық құрылымның түрлі бөліктері үшін әр түрлі адамдар немесе ұйымдар жауап береді.
- Ақпаратты сақтау бөлінісі. Желінің әрбір торабы тек оның жауапкершілік аймағына кіретін деректерді және (ықтимал) түбірлік DNS серверінің мекенжайларын сақтауы керек.
- Ақпаратт кэширлеу. Торап желідегі жүктемені азайту үшін жауапкершілік аймағынан тыс кейбір деректерді сақтай алады.[1]
- Иерархиялық құрылым, мұнда барлық тораптар дараққа біріктіріледі, әр торап төмен тұрған тораптардың жұмысын өз бетінше анықтай алады немесе оларды басқа тораптарға табыстай (тапсыра) алады.
- Резервтеу. Олардың тораптарын (аймақтарын) сақтау және қызмет көрсету үшін, (әдетте) физикалық және логикалық түрде бөлінген бірнеше сервер жауап береді, бұл деректердің сақталуын және тораптардың бірі істен шыққан жағдайда да жұмысын жалғастыруды қамтамасыз етеді.
DNS Интернета жұмысы үшін маңызды, өйткені тораппен байланыстыру үшін, оның IP-мекенжайы туралы ақпарат қажет, цифрлардың бірізділігіне қарағанда, әріптік мекенжайларды есте сақтау оңайға соғады. Кейбір жағдайларда бұл виртуалды серверлерді, мысалы, HTTP-серверлерді олардың сұраныс атауларына ажырата отырып пайдалануға мүмкіндік береді. Бастапқыда домендік және IP-мекенжайлар арасында түрлену арнайы hosts мәтіндік файлын пайдалану арқылы жүргізілді, бұл файл орталықтандырып жасалды және өзінің жергілікті желісі бойынша машиналардың әрқайсысына жолданды. Желінің өсуіне қарай, тиімді автоматтандырылған механизм қажеттілігі туындады, DNS осындай қажеттілікке айналды. Алайда, hosts көмегімен DNS өзгерер алдында көшірілген веб-сайтты тексеру оңайға соғады.[2]
DNS-ты 1983 жылы Пол Мокапетрис ойлап тапты,[3] жұмыс механизмдерінің түпнұсқа сипаты RFC 882 және RFC 883-те берілген. 1987 жылы RFC 1034 және RFC 1035 жариялануы DNS сипаттізімін өзгертіп, ескірген механизмдер ретінде RFC 882, RFC 883 және RFC 973 күшін жойды.
Қосымша мүмкіндіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Домендік Атау Жүйесінің қосымша мүмкіндіктері:
- Динамикалық жаңартуларды қолдану;
- Мәліметтерді (DNSSEC) және транзакцияларды (TSIG) қорғау;
- Түрлі типтегі ақпараттарды қолдану.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ What is DNS? How DNS works. cloudflare.com. Тексерілді, 25 қараша 2022.
- ↑ Нow can i test my migrated website before changing the dns?. knownhost.com. Тексерілді, 25 қараша 2022.
- ↑ Paul Mockapetris. internethalloffame.org. Тексерілді, 25 қараша 2022.
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|