Ювал Ноаһ Харари
Ювал Ноаһ Харари | |
יובל נח הררי | |
Ювал Ноаһ Харари Берлинде сұхбатта, "Homo Deus" кітабының неміс тіліндегі аудармасының тұсаукесерінде. | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Кирият Ата. Израиль |
Азаматтығы |
Израиль |
Ғылыми аясы |
Тарих |
Жұмыс орны |
Иерусалим Еврей университеті |
Альма-матер |
Иерусалим Еврей университеті |
Ғылыми жетекші |
Стивен Дж. Ганн |
Несімен белгілі |
Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы, |
Сайты | |
Қолтаңбасы |
Ювал Ноаһ Харари (ивр. יובל נח הררי - 1976 жылы 24 ақпанда д.к.) — израильдік тарихшы және Иерусалимдегі Еврей университетіндегі тарих департаментінің профессоры .[1] Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы (2014), Homo Deus: Ертеңнің қысқаша тарихы (2016), сондай-ақ 21 ғасырға 21 сабақ (2018) атты халықаралық бестселлерлердің авторы. Оның еңбектері ерік бостандығы, сана және интеллект тақырыптарын қарастырады.
Хараридің алғашқы еңбектері өзі "когнитивті революция" деп сипаттайтын тақырыпты қозғайды. Бұл революция шамамен 50 000 жыл бұрын орын алды: хомо сапиенс өзінің қарсыласы Неандерталдықтарды ығыстырып, тілдесу қабілеті және құрылымды қоғам дамытып, аграрлық революция мен соңғы уақытта үдеген ғылыми әдіснама және негіздеу көмегімен оның ең жоғарғы жыртқыш шыңына көтерілуі адамдарға қоршаған ортаға толықтай дерлік билік жүргізуге мүмкіндік берді.
Оның соңғы кітаптары көбіне ескерту сипатына ие және футуристік биотехнологиялық әлемнің салдарын қарастырады: мұнда саналы биологиялық организмдерді оларды өзі жасаған туындылары озып кетеді; автор былай дейді:"Біз білетін гомо сапиенс бір ғасыр шамасында жойылады".[2]
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Харари 1976 жылы Израильдің Кирият Ата қаласында дүниеге келді. Ливан және Шығыс Еуропа тамыры бар Хайфадағы (Израиль)[3] зайырлы еврей отбасында өсті[4]. Харари ашық гей[5] және 2002 жылы күйеуі Ицик Яхавпен кездесті, ол оны «барлық нәрседегі интернетім» деп атайды. [6] [7] Яхав сондай-ақ Хараридың жеке менеджері. [8] Олар Канаданың Торонто қаласында азаматтық некелерін қиды[9] .
Харари былай дейді: 2000 жылы Оксфордта жүргенде бастаған[10] Випассана медитациясы "өмірімді түбегейлі өзгертті".[11] Ол күніне екі сағат шұғылданады (бір сағат жұмыстан бұрын, бір сағат кейін[12]), жыл сайын 30 не одан да көп күнге медитациямен оңашаланады, тыныштықта және ешбір кітап не әлеуметтік желісіз.[13][14][15] Ол медитацияны ізденіс құралы ретінде көреді.[15]
Харари вегетариан және оның айтуынша бұған себеп - оның зерттеуіндегі сүт өнеркәсібінің негізі сиыр мен бұзаудың арасындағы байланысты бұзатыны туралы оның пікірі. [3] [16] 2019 жылдың қаңтарына сәйкес оның смартфоны жоқ. [17]
Академиялық мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Харари алғашында 1993-1998 жж. Иерусалимдегі Еврей университетінде ортағасырлық тарих пен әскери тарих мамандығын оқыды. 2002 жылы Оксфордтағы Джисус колледжінде Стивен Дж. Ганның жетекшілігімен философия докторы дәрежесін қорғады. 2003 жылдан 2005 жылға дейін Яд Ханадив қайырымдылық қоры мүшесі ретінде тарих ғылымдары бойынша постдокторонтурамен айналысты. [18]
Оның Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы кітабы 2011 жылы ивритше және кейін 2014 жылы ағылшын тілінде жарияланды; содан бері ол тағы да 45 тілге аударылды.[19] Кітап адамзат тарихының бүкіл кезеңін қарастырады: Homo sapiens-тің тас ғасырындағы эволюциясынан бастап 21 ғасырдағы саяси және технологиялық революцияларға дейін. Иврит тіліндегі басылымы Израильде бестселлерге айналып, жалпы көпшілік арасында айтарлықтай қызығушылық оятты, сөйтіп Харари көпшілікке танымал тұлға болып шыға келді.[20] Хараридың әлем тарихы жөніндегі ивритше лекцияларының YouTube видео үзінділерін ондаған мың израильдық көрді.[21]
Сонымен қатар, Харари Адамзаттың қысқаша тарихы деп аталатын ағылшын тіліндегі тегін онлайн сабақ береді.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Харари «Шығармашылық және түпнұсқалық» бойынша екі рет Полонский сыйлығын ұтып алды: 2009 және 2012 жылдары. 2011 жылы әскери тарихы бойынша көрнекті мақалалары үшін « Әскери Тарих қоғамының Монкадо марапатын жеңіп алды. 2012 жылы ол Израильдің жас ғылым академиясына сайланды.
Библиографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кітаптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 21 ғасырға 21 сабақ (Лондон: Джонатан Кейп, 2018) ,
- Homo Deus: Ертеңнің қысқаша тарихы (2016),
- Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы (Лондон: Harvill Secker, 2014)
- The Ultimate Experience: Battlefield Revelations and the Making of Modern War Culture, 1450–2000 (Houndmills: Palgrave-Macmillan, 2008 [22]
- Special Operations in the Age of Chivalry, 1100–1550 (Woodbridge: Boydell & Brewer, 2007)
- Renaissance Military Memoirs: War, History and Identity, 1450–1600 (Woodbridge: Boydell & Brewer, 2004),
Мақалалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- "The Military Role of the Frankish Turcopoles – a Reassessment", Mediterranean Historical Review 12 (1) (June 1997), pp. 75–116.
- "Inter-Frontal Cooperation in the Fourteenth Century and Edward III’s 1346 Campaign", War in History 6 (4) (September 1999), pp. 379–395
- "Strategy and Supply in Fourteenth-Century Western European Invasion Campaigns", The Journal of Military History 64 (2) (April 2000), pp. 297–334.
- "Eyewitnessing in Accounts of the First Crusade: The Gesta Francorum and Other Contemporary Narratives", Crusades 3 (August 2004), pp. 77–99
- "Martial Illusions: War and Disillusionment in Twentieth-Century and Renaissance Military Memoirs", The Journal of Military History 69 (1) (January 2005), pp. 43–72
- "Military Memoirs: A Historical Overview of the Genre from the Middle Ages to the Late Modern Era", War in History 14:3 (2007), pp. 289–309
- "The Concept of ‘Decisive Battles’ in World History", The Journal of World History 18 (3) (2007), 251–266
- "Knowledge, Power and the Medieval Soldier, 1096–1550", in In Laudem Hierosolymitani: Studies in Crusades and Medieval Culture in Honour of Benjamin Z. Kedar, ed. Iris Shagrir, Ronnie Ellenblum and Jonathan Riley-Smith, (Ashgate, 2007)
- "Combat Flow: Military, Political and Ethical Dimensions of Subjective Well-Being in War", Review of General Psychology (September 2008)[22]
- Introduction to Peter Singer's Animal Liberation, The Bodley Head, 2015.
- "Armchairs, Coffee and Authority: Eye-witnesses and Flesh-witnesses Speak about War, 1100-2000", Journal of Military History 74:1 (gennaio, 2010), pp. 53-78.
- "Yuval Noah Harari on big data, Google and the end of free will", Financial Times (August 2016).
- "Why It’s No Longer Possible for Any Country to Win a War", Time (23 June 2017).
- "Why Technology Favors Tyranny", The Atlantic (October 2018).
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Yuval Harari site, at the Hebrew University of Jerusalem site
- ↑ Yuval Noah Harari: ‘Homo sapiens as we know them will disappear in a century or so’ (en-GB), The Observer (19 March 2017).
- ↑ a b Cadwalladr, Carole Yuval Noah Harari: The age of the cyborg has begun – and the consequences cannot be known (5 July 2015). Тексерілді, 2 қараша 2016.
- ↑ Les prédictions de Yuval Noah Harrari, L'arche magazine
- ↑ Anthony, Andrew. Yuval Noah Harari: ‘Homo sapiens as we know them will disappear in a century or so’ (9 March 2017). Тексерілді 5 наурыздың 2019.
- ↑ Adams, Tim Yuval Noah Harari: ‘We are acquiring powers thought to be divine’ (27 August 2016). Тексерілді, 17 наурыз 2018.
- ↑ Fast Talk / The Road to Happiness (25 April 2012). Тексерілді, 17 наурыз 2018.
- ↑ זה ייגמר בבכי: סוף העולם לפי יובל נח הררי. Тексерілді, 17 наурыз 2018.
- ↑ Sadly, superhumans in the end are not going to be us (14 October 2015). Тексерілді, 17 наурыз 2018.
- ↑ Yuval Harari, author of "Sapiens," on AI, religion, and 60-day meditation retreats. Тексерілді, 17 наурыз 2018.
- ↑ Yuval Noah Harari: ‘We are quickly acquiring powers that were always thought to be divine’.
- ↑ How Humankind Could Become Totally Useless. Тексерілді, 17 наурыз 2018.
- ↑ Interview - Yuval Harari. Chatham House. Тексерілді, 17 наурыз 2018.
- ↑ Yuval Noah Harari, Sapiens and the age of the algorithm. Josh Glancy.
- ↑ a b Fast Talk The Road to Happiness.
- ↑ Interview With Yuval Noah Harari: Masters in Business (Audio). Тексерілді, 17 наурыз 2018.
- ↑ # 68 -- Reality and the Imagination (19 March 2017). Тексерілді, 17 наурыз 2018.
- ↑ CV at The Hebrew University of Jerusalem (2008).
- ↑ Sapiens: a Brief History of Humankind by Yuval Noah Harari, review: 'urgent questions', The Telegraph (26 September 2014). Тексерілді 29 қазанның 2014.
- ↑ Fast talk / The road to happiness, in Haaretz, 25 April 2012
- ↑ "A Brief History of Mankind course, in the Hebrew University of Jerusalem channel in YouTube (in Hebrew)
- ↑ a b Yuval Harari – YN Harari – Prof. Yuval Noah Harari – Official Site – Sapiens: A Brief History of Humankind.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ynharari.com Ювал Ноаһ Харари — ресми сайты
- Автормен танысыңыз - Yuval Harari бейне сұхбат - BBC News
- fascism is so tempting -- and how your data could power it&hl=en Видео YouTube сайтында