Мазмұнға өту

Шөжелер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шөжелер
Poecile atricapillus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Сары шымшық тұқымдасы
Тегі: Poecile
Kaup, 1829
Түрлері

13-15

Шөжелер, шөжеторғайлар (лат. Poecile) - Торғайтәрізділер отрядының сары шымшық тұқымдасына жататын туыс тармағы.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қанатының ұзындығы 6-7 cм, салмағы 10-12 г. Сырттай қарағанда кәдімгі шымшыққа ұқсайды: сұр түсті, төбесінде қара не қара қоңыр қауырсындарынан тұратын айдары болады. Тұрғылықты құс. Жазда жәндіктерді, қыста өсімдіктерді және өсімдік тұқымдарын қорек етеді. Ұясын ағаш кеуегіне салады. Жаз бойы жұмыртқалайды, 5-9 шұбар жұмыртқа салып, олардың ұрғашысы 13-15 күн басады. Балапандарын еркегі мен ұрғашысы 20 күн басады.

ТМД-да 6 түрі бар; оның 4 түрі Қазақстанда мекендейді: қарабас шөже (P. palustris), күреңбас шөже (P. montanus), ақжағал шөже (P. songarus ), қыраубас шөже (P. cinctus). Олар жазық далада және таулы ормандарда мекендейді. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3