Фольга
Көрініс
Фольга (лат. folіum — бет, табақ) — әртүрлі металдар мен қорытпалардан өте жұқартылып (2 — 100 мкм) жасалған қабыршық таспа. Алюминий Фольгасы тамақ өнеркәсібіне (шай, темекі, кондитер өнімдерін, т.б. орауға) және техникада (конденсаторлар дайындауда, жылу өткізбеу үшін, т.б.) пайдаланылады. Қалайы және қалайы-қорғасын Фольгалар әртүрлі приборлар жасауда; мыс Фольга динамомашиналарда, баспа сұлбаларында, т.б., қорғасын Фольга темекі өнімдерін орау үшін пайдаланылады. Кабель өндірісінде қолданылатын алюминий Фольганың бір жағына жұқа оқшаулауыш қағаз жапсырылады. Полиграфияда таспа тәрізді калькадан немесе целлофаннан жасалған Фольга, сондай-ақ қола және алюминий Фольгалар қолданылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |