УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2003 — 2002/03 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының шешуші матчы. 28 мамыр күні Манчестердегі "Арман театры" аталған "Олд Траффорд" стаионында өтіп, Италия командалары: "Милан" мен "Ювентус" өзара кездесті. Негізгі және қосымша уақытта есеп ашылмай, пенальтилер сериясында миландықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ойын тең дәрежеде өтті. Андрей Шевченконың қақпаны дәл нысанаға алған соққысы есептелмеді. Себебі ол допты тепкен сәтте португалиялық Руй Кошта оффсайтда тұрған-ды. Доп оған тимей қақпаға тура бағытталды, бірақ төреші "Руй Кошта қақпашыға кедергі жасады, сол себепті ойынға араласқан боп есептеледі" деп голды санаған жоқ.
Ойыннан кейінгі пенальтилерде "Ювентустың" үш бірдей футболшысы қателесті, нәтижеде "Милан" УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.
Бұл — жаңа формат тарихындағы әзірше жалғыз "италиялық финал".
1963 жылы италиялық футболшы Чезаре Мальдини "Милан" сапында Чемпиондар кубогында жеңіске жетіп, кубокты көтерген болатын. Арада 40 жыл өткен соң ұлы Паоло Мальдини капитан ретінде кубокты көтерді.
Италиядан 60 ұшақ жанкүйер Манчестерге ұшып барыпты.
Бұл осы турнир тарихындағы тұңғыш "италиялық" финал.