Мазмұнға өту

Тасшөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тасшөп

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Lamiaceae
Кіші тұқымдасы: Nepetoideae
Тегі: Thymus
Түрі: T. serpyllum
Екі-есімді атауы
Thymus serpyllum
L.[1]
Синонимдері

Тасшөп (лат. Thymus serpyllum) – ерінгүлділер тұқымдасы, жебір туысына жататын жартылай бұта. Қазақстанда Алтайдың аласа тау жоталарында, Сарыарқада кездеседі. Биіктігі 12 – 13 см, діңі сүректі, бұтақтары тік, жиегі тегіс жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Гүл тостағаншасы қоңырау пішінді, күлтесінің ұзындығы 6 – 8 мм, алқызғылт түсті. Ұсақ гүлдері масақ гүлшоғырына топтанған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Тасшөптің құрамында илік заттар және шайыр, флавоноидтар, әр түрлі қышқылдар, минералды тұздар және эфир майы бар.

Медицинада Тасшөп препаратын қақырық түсіруге, жүйкені тыныштандыруға, радикулит және неврит кездерінде құрысуға қарсы қолданады. Халық медицинасында Тасшөпті тыныс жолы, бүйрек пен қуық, іш ауырғанда, ұйқы қашқанда, бас ауырғанда, өкпе туберкулезіне шалдыққанда береді. Сондай-ақ косметикалық бұйымдар жасауда, тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады.[2]

Табиғатта таралуы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тас, шөп республикамыздың орманды және кейбір далалы аймақтарында, құмды өңірде өседі. Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің гүлдеп тұрған кезінде сабақтарын жапырақтармен қоса орақпен ептеп орып алып, кептіреді де, құрғақ орындарда сақтайды.

Химиялық құрамы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәрілік шикізатының құрамында ащы және илік заттар, флавноидтар, шайыр, кейбір минералды тұздар, урсоль және олеаноль қышқылдары, майлар және басқа да заттар бар.

Қолданылуы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мал дәрігерлігі практикасында тас шөптітыныс алу органдары ауруы кезінде қақырық түсіру үшін, өңеш қуысын кеңейту үшін,сондай – ақ ішектің кебуін басу үшін және зәр, тер шығаруды үдету мақсатымен қолданады. Құрағақ дәрілік шикізат ірі қара мен жылқыға – 20 – 60 г, қой мен ешкіге – 10 – 15 г, бұзау мен құлынға – 20 – 30 г, қозыға – 5 – 10 г мөлшерінде беріледі. Тұүнба 1:10 қатынаста жасалады. Майдаланған тас шөп малдың іріңді жаралары мен сыздауығын емдеуге де қолданылады. Көзі ауырған малды емдеу үшін 50 – 60 грамм дәрілік шөп қайнап тұрған 1 литр суға салып, 15 – 20 минут тұндырылады да, екі қайтары сүзіліп, малдың көз алмасын шаяды.[3] [4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Linnaeus. Sp. Pl. 590 1753.
  2. Қазақ энциклопедиясы
  3. Қазақстанныңдәрілікөсімдіктері. ІскендіровӘбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
  4. Пайдалыөсімдіктерді мал дәрігерлігіндеқолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.


Шәріпбаев Н. Малдыңтынысалумүшелерініңауруларынемдеуүшінқолданылатындәрілікөсімдіктер // Тас шөп — "Қайнар", 1988. — Б. 156. — (Пайдалыөсімдіктерді мал дәрігерлігіндеқолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.