Райан Гиггз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Райан Гиггз Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

29 қараша 1973 (1973-11-29) (50 жас)

Туған жері

Кардифф Уэльс

Азаматтығы

Уэльс

Мамандығы

бапкер ассистенті

Бойы

180 см

Салмағы

68 кг

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Манчестер Юнайтед

Жастар клубы
Англия Динс[1]
1985—1987 Англия Манчестер Сити
1987—1990 Англия Манчестер Юнайтед
Клуб карьерасы[* 1]
1990—2014 Англия Манчестер Юнайтед 672 (114)
Ұлттық құрамы[* 2]
1989 Англия Англия-16 1 (1)
1989 Уэльс Уэльс-18 3 (0)
1991 Уэльс Уэльс-21 1 (0)
1991—2007  Уэльс 64 (12)
Бапкерлік карьерасы
2014 Англия Манчестер Юнайтед м.а
2014—2016 Англия Манчестер Юнайтед Асс
2018—  Уэльс
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Райан Джозеф Гиггз (ағылш. Ryan Joseph Giggs; 29 қараша 1973 жыл, Кардифф, Уэльс) — уэльстік футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 2018 жылдан бері Уэльс Ұлттық футбол құрамасын жаттықтырады.

Бүкіл карьерасында тек "Манчестер Юнайтедте" ойнаған. 24 жыл бойы (1990-2014) манчестерлік клубтың намысын қорғап, клубтық деңгейдегі барлық жүлдеге қол жеткізді.

2014 жылы карьерасын аяқтаған соң "Манчестер Юнайтедтің" уақытша бапкері болды, 2014-16 жылдар аралығында бапкер көмекшісі боп қызмет атқарды. 2018 жылы Уэльс құрамасының бас бапкері боп тағайындалды.

1991 жылы 5 маусымда Германияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Уэльс құрамасы сапында алаңға шықты. Алаңға шыққан сәттегі жасы 17 жыл 321 күн болды да, құрама тарихындағы ең жас футболшы атанды.

2007 жылға дейін 64 кездесуде алаңға шықты.

2012 жылы Ұлыбритания құрамында жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Клубтық жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Англия чемпионы(13): 1992/93, 1993/94, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13
  • Англия кубогының иегері(4): 1994, 1996, 1999, 2004
  • Футбол лига кубогының иегері (3): 1992, 2006, 2009
  • УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы (2): 1999, 2008
  • Англия суперкубогының иегері (9): 1993, 1994, 1996, 1997, 2003, 2007, 2008, 2010, 2013
  • УЕФА суперкубогының иегері: 1991
  • Англияның үздік футболшысы (2): 1992, 1993
  • Мэтт Басби жүлдесі: 1997/98
  • Англия чемпионатының үздігі: 2009
  • Golden Foot жүлдесі: 2011
  • Уэльс жыл футболшысы (2): 1996, 2006
  • Уэльстегі жыл спортшысы (2): 1996, 2009
  • Ұлыбританиядағы жыл спортшысы: 2009

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]