Мазмұнға өту

Метилоранж

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Метилоранж.

Метилоранж метилді қызғылт сары, гелиантин – азобояғыш;
[n-(N-диметиламинофенилазо) натрийдің бензолсульфонаты].

Химялық формуласы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • (CH3)2N–C6H4––N=N–C6H4–SO3Na.

Ол қызғылт сары кристалл. Суда ериді, ал спиртте ерімейді. Метилоранж судағы ерітіндісінде анион түрінде жүреді де, ерітінді сары түске боялады. Ал қышқыл қатысында анионы протонды (Н+) қосып алып құрылымы өзгереді де, түсі қызылға ауысады. Метилоранжды диазоттанған сульфанил қышқылын диметиланилинмен азобіріктіру арқылы алады. Ол аналитик. химияның титриметрлік әдісінде қышқылдық-негіздік индикатор ретінде реакцияның аяқталғанын (эквиваленттік нүкте) анықтау үшін қолданылады. [1]


Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы