Маймыл тұқымдастар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Маймыл тұқымдастар - приматтардың құрамына кіреді. Приматтар ақылды және жаңа дағдыға тез машықтанады. Маймыл тұқымдастар екіге бөлінеді: адам тәріздес приматтар және гиббон приматтар. Адам тәріздес маймылдардан басқа гориллалар, шимпанзелер т.б. болады. Ағашта өмір сүретін оңтүстік азиялық маймылдар мен гиббондар – шағын маймыл тұқымдастарына жатады. Маймылдардың шығыңқы ұзын көздері, қарғуға бейім күшті әрі ұзын қолдары бар. Кейбіреуінің затты қысып ұстауға икемді үлкен саусақтары бар. Сондай-ақ, олардың көпшілігінде бұтақтарға ілініп тұруға қолайлы ұзын құйрықтар жетілген. Маймылдар – көп жағдайда бейбіт жануарлар. Бірақ, кейде олар да қатты ашуланады. Олар адамдар арасында да өмір сүре алады. Гориллалар бейқам әрі баяу қозғалады. Кейбір маймылдар оқшау тіршілік етеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ЖАНУАРЛАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-446-5