Мазмұнға өту

Клиңон тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Клиңон тілі
tlhIngan Hol 
Айтылуы: IPA: /ˈt͡ɬɪŋɑn xol/
Кім жасаған: Марк Окранд  1984 
Баптауы және қолдануы: Star Trek фильмдері мен телевизия тізбектерінде бейнеленген оқиғалар.
Барлық сөйлеушілері: Белгісіз. Клиңон тілі институтының директоры Лоренс Шоунның (Lawrence Schoen) дерегі бойынша, 1996 жылы 12 шақты адам жетік білген.[1]
Түрі (арналуы): жасанды тілдер
 өнерде қолданылатын тілдер
  ойдан шығарылған тілдер
   Клиңон тілі
Тіл белгілері
ISO 639-1: ешқандай
ISO 639-2: tlh
ISO 639-3: tlh

 

Клиңон тілі (клиңонша: tlhIngan Hol) — Star Trek («Жұлдызды жол») телевизиялық тізбегіндегі жатғаламшарлықтар клиңондардың тілі. Бұл тілді тілтанушы Марк Окранд нағыз «жатғаламшарлық» тіл болсын деп әдейі құрастырған. Сондықтан бұл тілдің көптеген өзіндік ерекшеліктері бар, мысалы сөйлемнің «толықтауыш – баяндауыш - бастауыш» ретімен құрылуы. Бірінші рет клиңон тілі «Star Trek: The Motion Picture» фильмінде қолданылды, ал оған дейін клиңондар ағылшын тілінде сөйлеп келді. Содан кейінгі уақытта Марк Окранд клиңон тілін өз сөздігі, нормативті грамматикасы бар толыққанды тілге айналдырды. Қазіргі таңда клиңон тілінің жетілген граматикасы, синтаксисі мен сөздігі және бұл тілдің дамуын қадағалап отыратын "Клиңон тілінің инстуты" деп аталатын арнайы ұйымы бар. Айтылған ұйым әлем әдебиетінің жауһарларын клиңон тіліне аударумен әрі сол тілдегі мезгілдік журналды шығарумен айналысады.

«Star Trek» тізбегінің кейбір әуесқойлары немесе тілдерді үйренуді ұнататындардың кейбіреулері клиңон тілінде сөйлесе алады. Бұл тілдің сөз қорында ғарыш кемелеріне немесе клиңон нәсілінің қару-жарағына қатысты сөздер көп те, жерліктер күнделікті қолданыста пайдаланатын заттарды білдіретін сөз жоқ. Мысалы, «көлікті иондайтын қондырғы» (jolvoy), немесе «ғарыш кемесінің басқару мінбесі» (meH) дегенді білдіретін сөздер бар да, «көпір» деген мағынадағы сөз жоқ. Соған қарамастан осы тілді білетіндер күнделікті тақырыптар туралы да әңгіме жүргізе алады.

Қазіргі таңда клиңон тілінің жетілген граматикасы, синтаксисі мен сөздігі және бұл тілдің дамуын қадағалап отыратын "Клиңон тілінің инстуты" деп аталатын арнайы ұйымы бар. Айтылған ұйым әлем әдебиетінің жауһарларын клиңон тіліне аударумен әрі сол тілдегі мезгілдік журналды шығарумен айналысады.

pIqaD Транскрипция ХФӘ
a а ɑ
b б b
ch ч t͡ʃ
D д ɖ
e е ɛ
gh ғ ɣ
H х x
I и ɪ
j дж d͡ʒ
l л l
m м m
n н n
ng ң ŋ
o о o
p пһ
q қһ
Q қх q͡χ
r р r
(ɹ)
S ш ʂ
t тһ
tlh тл t͡ɬ
u у u
v в v
w у w
y й j
' - ʔ

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]