Мазмұнға өту

Зодиак

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Зодиак, зодиактік дөңгелек (грекше zodіakos, zoon – жануар) – Күннің бір жылдық көрінерлік жолының бойында (эклиптика бойымен) орналасқан 12 шоқжұлдыз [Балықтар, Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш, Мизам (Таразы), Сарышаян, Мерген, Ешкімүйіз, Суқұйғыш]. Күн жүйесіндегі планеталар мен Ай да Зодиак арқылы өтеді. “Зодиак” атауы шоқжұлдыздардың ежелден-ақ жануарлардың атымен аталуынан шыққан. Ежелгі Грекияда Зодиак шоқжұлдыздары таңбамен белгіленген (қара Астрономиялық таңбалар). Күн мен түннің көктемгі (Тоқтыда) және күзгі (Мизамда не Таразыда) теңелу нүктелері мен жазғы (Шаянда) және қысқы (Ешкімүйізде) күн тоқырау нүктелері де Зодиак шоқжұлдыздарына сәйкес келетін таңбалармен белгіленеді. Прецессия салдарынан бұл нүктелер 2 мың жыл ішінде жоғарыда аталған шоқжұлдыздардан ығысып кеткен, бірақ таңбалары сақталған. Зодиак шоқжұлдыздар Қазақстан аумағының барлық жерінен көрінеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы,4 том 3 бөлім


Зодиак белгілері

Тоқты (зодиак) | Торпақ (зодиак) | Егіздер (зодиак) | Шаян (зодиак) | Арыстан (зодиак) | Бикеш (зодиак) | Мизам (Таразы) (зодиак) | Сарышаян (зодиак) | Мерген (зодиак) | Тауешкі (зодиак) | Суқұйғыш (зодиак) | Балық (зодиак)