Дьёрдь фон Бекеши

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дьердь фон Бекеши
Békésy György
Туған күні

3 маусым 1899 (1899-06-03)

Туған жері

Будапешт, Венгрия

Қайтыс болған күні

13 маусым 1972 (1972-06-13) (73 жас)

Қайтыс болған жері

Гонолулу, Гавай аралдары, АҚШ

Ғылыми аясы

биофизика

Ғылыми дәрежесі

Үлгі:Ғылыми дәреже

Марапаттары


Нобель сыйлығы Нобель жүлдесі (1961)

Дьердь фон Бе́кеши (Джордж) (нем. Georg von Békésy; 3 маусым 1899, Будапешт — 13 маусым 1972, Гонолулу, Гавайи, АҚШ) — американдық физик, биофизик және физиолог, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі. «Леопольдина» Жаратылыстану ғалымдарының неміс академиясы мүшесі. Ұлты - венгр.

Берн университетін, Будапешт университетін бітіріп (1923), Будапештте, Берлинде, Стокгольмде жұмыс істеді. 1947 жылдан АҚШ-та.

Негізгі жұмыстары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі еңбектері есту биофизикасы және физиологиясы бойынша. Дыбыстық әсерлердегі ішкі құлақ құрышындағы базилярлы мембраның тербеліс заңдылықтарын ашты және есту мүшесіндегі дыбыстардың бастапқы жиілік-амплитудалық талдау теориясын тұжырымдады. Ортаңғы құлаққа дыбыс берілуді зерттеді. Адамның есту бағалау құрылғысын және, естудіңайырым шегін, әдісін ұсынды (Бекеши аудиометрі). Сүйектің дыбысты өткізгіштігін, есту кеңістіктігін және сенсорлық жүйелердің қабылдау айырмашылығын зерттеді.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Experiments in hearing, N. Y., 1960
  • Sensory inhibition, N. Y., 1967

1979 ж. Халықаралық астрономиялық одақ Айдың арғы бетіндегі кратерге фон Бе́кеши есімін берді.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Храмов Ю. А.:Физики.