Алан Ходжкин
Алан Ллойд Ходжкин | |||
Alan Lloyd Hodgkin | |||
Туған күні | |||
---|---|---|---|
Туған жері | |||
Қайтыс болған күні |
20 желтоқсан 1998 (84 жас) | ||
Қайтыс болған жері | |||
Марапаттары |
|
Сэр А́лан Ллойд Хо́джкин (ағылш. Alan Lloyd Hodgkin, 5 ақпан, 1914, Банбери, Англия — 20 желтоқсан, 1998) — британдық нейрофизиолог және биофизик, «жүйке жасушаларының перифериялық және орталық бөліктеріндегі қозуы мен тежелуінің иондық тетіктеріне қатысты жаңалықтары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1963 жылғы лауреаты (Джон Эклс және Эндрю Хакслипен бірге).
Өмірбаян
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кембридж университетін бітірді (1936).1937-38 жылдары АҚШ-та ғылыми іс-сапарда, Ұлыбританияда Теңіз биологиясы ассоциациясының Плимуттағы лабораториясында жұмыс істедіі (1938-39). 1939-45 жылдары Ұлыбритания Әскери - әуе күші министрлігінде және авиация өнеркәсіп министрлігінде ғылыми кеңесші болды. 1945 жылдан Кембридж университетінде қызмет істеді (1952 жылдан пофессор). 1971 жылдан Лейстер университетінің канцлері. 1959 - 65 жылдары Ұлыбритания ұлттық медицина щерттеу кеңесінің мүшесі, 1966 жылдан Ұлыбритания Теңіз биологиясы ассоциациясының президенті. Негізгі еңбектері нерв клеткаларының физиологиясы, нервтің қозу және тежелу механизміне арналған. Нерв импульсінің электрлің табиғатын дәлелдеді. Дания корольдық ҒА- ның (1964), Америка өнер және ғылым академиясының (1962), Германия "Леопольдина" табиғат зерттеушілер академиясының (1964) шетелдік мүшесі.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Корольдік медаль (1958)
- Физиология мен медицина саласында Нобель жүлдесі (1963)
- Копли медалі (1965)
Ғалымның астроном құрметіне Людмила Карачкина Қырым астрофизикалық обсерваториясында, 23 желтоқсанда 1982 ж. ашылған астероид аталған (5422) Hodgkin.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алан Ходжкиннің Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны (ағыл.).
- Алан Ходжкиннің Нобельдік дәрісі (ағыл.).
Ғылыми және академиялық лауазымдар | ||
---|---|---|
Ізашары: Патрик Мейнард Стюарт Блэкетт |
Корольдік қоғамының президенті 1970—1975 |
Ізбасары: Александер Тодд |
Үлгі:Корольдік қоғамының 1900 жылғы президенттері
|
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 5 ақпанда туғандар
- 1914 жылы туғандар
- 20 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1998 жылы қайтыс болғандар
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Банбериде туғандар
- Кембриджде қайтыс болғандар
- XX ғасыр биологтары
- XX ғасыр физиктері
- Ұлыбритания нейробиологтары
- Ұлыбритания нейрофизиологтары
- Ұлыбритания биофизиктері
- Корольдік медаль иегерлері
- Корольдік қоғамның президенттері
- Британ империясы орденінің рыцар-командорлары