Мазмұнға өту

Диабаз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Диабаз (француз. dіabase) – магмалық тау жынысы, долериттің өзгерген түрі. Негізді плагиоклаз бен моноклиндік пироксеннен тұрады, кейде аз мөлшерде оливин кездеседі. Түсі қара сұрдан қою жасылға дейін. Құрылымы афирлі, порфирлі, ұсақтан ірі түйірліге дейін. Нақышы шомбал, шар, бадамша тәрізді. Құрамы мен құрылысына қарай: авгитті Диабаз , кварцты Диабаз , габбродиабаз, бадамтасты Диабаз , т.б. бөлінеді. Диабаз қатпарлы белдемдер мен платформалық аймақтарда жақсы дамыған. Ол интрузивтік денелермен (сығылмалар, силдар) қоса эффузивті денелер (ағымдар, жамылғылар) құрайды. Диабаз Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Жол құрылысында бетонға толықтырғыш ретінде пайдаланылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

  1. Қазақ энциклопедиясы