Давос
Қала | |||
Давос | |||
Davos | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Кантоны | |||
Округі | |||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
46°47′59″ с. е. 9°49′59″ ш. б. / 46.79972° с. е. 9.83306° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°47′59″ с. е. 9°49′59″ ш. б. / 46.79972° с. е. 9.83306° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Жер аумағы |
254.41 км² | ||
Орталығының биiктігі |
1560 м | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
11 131 адам (2011) | ||
Ресми тілі | |||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі |
7260, 7270 | ||
Автомобиль коды |
GR | ||
Ресми коды |
3851 | ||
Давос шекарасы
| |||
Ортаққордағы санаты: Давос |
Давос (нем. Davos,фр. Davos,итал. Davos,ромш. Tavau) — шығыс Швейцарияның Граубюнден кантонындағы Преттигау-Давос округіндегі қала. Тұрғындарының саны 11 131 (2011) [1]. Давос Ландвассер өзенiнің бойында, Швейцария Альпiсiнде орналасқан. Еуропа бойынша ең биік нүктеде (1,560 м биіктікте ) орналасқан қала.
Давос — ғаламдық саяси және iскерлер элитасының жылдық жиналысы (көбінесе Давостық форум деп жиі аталады) — Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) өтетін орын және Швейцариядағы ең үлкен шаңғы курорттарының бірі.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Давос қаласының аймағы, 2006 жылы, 254,5 мың км²-ді құрады. Осы аймақтың 37,1%-ы ауылшаруашылық мақсаттарына қолданылады, 19,7% жері ағашты-орманды. 2,2% аумағында ғимараттар мен жолдар салынған, ал қалған 41% аумағын өзендер, мұздықтар және таулар алып жатыр.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Давоста орташа есеппен жылдың 126.7 күні жаңбырлы болады және мөлшері 999 мм-дей жауын-шашын түседі. Ең ылғалды ай — тамызда 135 мм-дей жауын-шашын түседі. Осы ай ағымында 13.6 күндей жаңбырлы болады. Маусым айында да жауынды күндер көп болады, бірақ жауын-шашын мөлшері орташа есеппен 120 мм. Жылдың ең құрғақ айы — сәуір, орташа есеппен 55 мм жауын-шашын мөлшері түседі.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Давос қаласының халқы 11,166 адам (31 желтоқсан 2010). 2008 жылы халқының 23,7%-ын шетел азаматтары құрады. Соңғы 10 жылда тұрғындар саны 5,5%-ға төмендеген. Тұрғындардың көпшілік бөлігі (2008 жылдың күйі бойынша) немісше сөйлейді (86,3%), екінші орында серб-хорват тілі (2,8%), ал үшінші орында италиян тілі (2,7%).
2000 жылы халқының 50,9%-ын әйелдер, ал 49,1%-ын ерлер құрады. Жас шамасына байланысты үлес салмағы бойынша, 2000 жылы Давос тұрғын халқының 1102-і бала немесе 9,7% халқын 0-ден 9 жасқа дейін балалар және 12,6% 10-нан 19 жас аралығында 1435 жасөспірім тұрады. Ересек тұрғындары арасында 1733 адам, немесе 15,2% халқы 20-дан 29 жасқа дейін. 1897 адам, немесе 16,6% 30-дан 39-ға дейін, 1806 адам, немесе 15,8% 40-тан 49 жасқа дейін тұрғындар құрады. 1498 адам, немесе 13,1% 50-ден 59-ға дейінгі жаста. 7,9% халқы 60-тан 69 жас аралығында болса, 677 адам, немесе 5,9% 70 және 79 жас аралығында. 318 тұрғын немесе 2,8%, 80 және 89 жаста болған, ал 0,4%, немесе 49 адам 90 және 99 жаста.
Жылдар бойынша халқы туралы тарихи мәліметтер:
жыл | халық саны |
---|---|
1850 | 1,680 |
1888 | 3,891 |
1900 | 8,089 |
1930 | 11,164 |
1950 | 10,433 |
2000 | 11,417 |
2009 | 11,248 |
Спорт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Давос қаласы Швейцарияда өзінің бір аттас, швейцарлық ұлттық лигасында ойнайтын Давос хоккей командасымен белгілі. Олардың үй ареналары - Vaillant Arena. Сонымен қатар қалада алты шаңғы базасы бар:
- Parsenn / Gotschna
- Jakobshorn
- Pischahorn
- Rinerhorn
- Madrisahorn
- Schatzalp
Бүкіләлемдік экономикалық форум
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) немесе - Давостық форум - халықаралық үкіметтік емес үйым. Штаб-пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан. Дәстүр бойынша БЭФ жыл сайын (әдетте қаңтардың соңында - ақпанның басында) швейцариялық Давос қаласында (бейресми атауын осыдан алған) өткізіледі. 1971 жылы Швейцарияда еуропалық кәсіпкерлердің бейресми араласу клубы ретінде қүрылған. Кейінірек қатысушылар географиясы мен олар талқылайтын мәселелер ауқымы да кеңейді.
Күн тәртібінде тек Еуропаны ғана емес, басқа да аймақтарды қамтитын саяси және экономикалық мәселелермен қатар, әлемдік сауда және жаһандық экономика мәселелері, дамушы елдердің қарыздарын өтеу мәселелері қарастырылады. БЭФ-ның басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін шешуге әлемдік қауымдастыққа жәрдемдесу, әлемнің ғаламдық жағдайын жақсарту.
БЭФ іскерлік, саяси, зияткерлік әріптестікті дамытуға септігін тигізеді және ғаламдық дамудың маңызды мәселелерін талқылауда, әлемдік қауымдастықтың өзге де көшбасшыларымен әріптестікті көздейді. Оның жұмысына мемлекет және үкімет басшылары, әлемдік бизнес көшбасшылары, көрнекті ғалымдар, экономистер мен саясаттанушылар қатысады.
Сонымен қатар БЭФ жыл сайын әлемнің әр елдерінде аймақтық және үлттық саммиттер өткізеді.
Мәдениеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Давоста Швейцарияның ұлттық маңызы бар мұра нысандарының жетеуі орналасқан: Қалалық мұрағаттар, Кирхнер мұражайы, Grosses Jenatschhaus (қайырымдылық үйі) және Орман Зираты (Waldfriedhof). Сонымен бiрге бiрнеше мейманханалар мен курорттар тiзiмге қосылған. Үш мейманхана: Berghotel Schatzalp, Grand Hotel Belvédère (бұрынғы мейманхана) және Zürcher Höhenklinik von R. Gaberel.
-
Кирхнер мұражайы
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Davos.ch - Official website tourism information
- The Junkerboden under Snow in Davos from Kirchner, in "your city at the Thuyssen", a Thyssen Museum's project on Flickr
- Pictures Davos Мұрағатталған 6 ақпанның 2009 жылы.
- Municipality of Davos