Гильотина
Гильотина — бастапқы мағынасы — басты шабу арқылы өлім жазасын іске асыруға арналған механизм. Бұндай өлім жазасын гильотиналау деп атайды.
Техникада гильотина немесе гильотиналық пышақ — шабуға қатысы бар, кабельдерді шабуға, метал немесе қағаз беттерді кесуге немесе басқа да осы секілді операцияларды жасауға арналған механизмдердің жалпы атауы.
Басты шабуға арналған гильотинаның басты бөлігі — вертикалді орналасқан меңзеушілермен еркін қозғалатын ауыр (40—100 кг) қисық пышақ. Пышақты 2—3 метр биіктікке көтеріп, сол жерде қыстырғышпен бекітілетін. Басы шабылатын адамның басы арнайы орынға орнатып, оның үстінен тесігі бар ағаш кесегін қоятын, содан кейін рычаг арқылы пышақты ұстап тұрған пышақ босаталып, үлкен жылдамдықпен құрбанның басына құлайтын.