Вильгельм фон Гумбольдт
Вильгельм фон Гумбольдт | |
---|---|
Дүниеге келгендегі есімі: | Friedrich Wilhelm Christian Karl Ferdinand von Humboldt |
Дүниеге келгені: |
Friedrich Wilhelm Christian Karl Ferdinand von Humboldt 22 маусым 1767 Потсдам, Пруссия |
Қайтыс болғаны: |
8 сәуір 1835 Берлин, Тегель сарайы, Пруссия |
Мансабы: | неміс филологы, философ, тілтанушы, мемлекеттік қайраткер, дипломат |
Ұлты: | неміс |
Білімі: | Франкфурт (Одер) және Гёттинген университеті |
Елеулі шығармасы(лары): | Ideen zu einem Versuch, die Gränzen der Wirksamkeit des Staats zu bestimmen |
Вильгельм фон Гу́мбольдт (нем. Friedrich Wilhelm Christian Karl Ferdinand Freiherr von Humboldt; 22 маусым 1767 — 8 сәуір 1835, Тегель сарайы, Берлин) — неміс филологы, философ, тілтанушы, мемлеткеттік қайраткер, дипломат, өнер теоретигі, немістің классикалық гуманизмінің көрнекті өкілі.
Ғалым Александр фон Гумбольдттың үлкен ағасы.[1] Тарихтың мақсатын ол көркем туындыға ұқсас белгілі бір үйлесімді тұтастық болып табылатын адамдық даралықты қалыптастырудан және руханилық мұраттарды жүзеге асырудан көрді. Тұлғалар мен ұлттардың ерікті ішкі дамуы Гумбольдт бойынша, өзіне рухани шығармашыл тұлғалардың әрекетін қосып алады.
Мемлекет әрекеті, дейді Гумбольдт, шектелген және ол сыртқы шекаралар мен ішкі құқық қорғау қызметтерімен анықталады ("Мемлекет әрекетінің шекаралары", 1792). Бірнеше теориялык еңбектерінде ("Ежелгіні, әсіресе гректікін зерттеу туралы", 1793, "Эстетикалық тәжірибелер") грек өнерінің маңыздылығын атап өтті. Гумбольдт шығармаларының биігіне оның тілтану саласына арналған еңбектері жатады. Тіл тек дайын қарым-қатынас құралы емес, ол өз бойына "халық рухын" жинақтаған. Гумбольдт мәдениетті "тарихта әрекет етіп отырған халықтардын рухын" білдіретін органикалық тұтастық деп есептеді. Гумбольдт дербес пән ретіндегі тіл философиясының негізін қалады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7