Мазмұнға өту

Бүйір сызығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бүйір сызығы

Бүйір сызығы — балықтардағы, сондай-ақ қосмекенділер мен кейбір ересек қосмекенділердің (амфибиялардың) дернәсілдеріндегі сезім мүшесі, олар қоршаған судың қозғалысы мен тербелісін, су қысымының өзгеруін қабылдайды, су бағытын анықтайды, жемтік аулау үшін де қолданылады. Дененің екі жағында жіңішке сызық тәрізді, желбезек тіліктерінен құйрық негізіне дейін созылған. Кейбір түрлерде бүйір сызық рецепторларының бір бөлігі электрорецепторларға айналады және қоршаған ортаның электрлік тербелісін тіркейді. Кейбір шаян тәрізділер мен цефалоподтар ұқсас органдарға ие.

  • Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Lateral line system