Бауырлас қала

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Исфаһандағы Куала-Лумпур көшесі және Куала-Лумпурдағы Исфаһан көшесі

Бауырлас қала (Twin towns and sister cities) — географиялық және саяси басқару жағынан бір-біріне тіке қатысы жоқ болса да, бірақ ондағы тұрғындар мен мәдениетінде, тарихында, дамуында көптеген ұқсастықтары бар қалалар ортасындағы өзара жақын тарту, ағайындық, бауырластық, әріптестік байланыс . Олардың көптеген ұқсас ерекшеліктері болса да, бірақ бәрі бірдей ұп-ұқсас болмайды. Әрине, әріптес қаланың ұқсастығы түрлі қалада түрліше мағынада қолданылады. Біреулерінде тарихы ұқсас, біреуінде көрінісі ұқсас, тағы біреуінде мәдени мұралары ұқсас дегендей. Мұндай салыстыру құрлық аттаған және белгілі бір нақты талаппен шектеле бермейді. Қаланың өзіндік артықшылығына орай әлемнің басқа бір сондай қаласы оған ағайын, әріптес, бауырлас қала болып есептеледі.

Бауырлас қала ұғымы арқылы қалалар өздеріне ұқсайтын қалалармен мәдениет пен экономика алмасып, қарым-қатынасын жиілетіп, бір-бірінің дамуына көмектесіп отырады.

Италияның Кастеллабат және Германияның Блискастель қалалары ортасындағы бауырластық келісімі

Бауырлас қала ұғымы Еуропада екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасты. Мақсаты Еуропа халықтары арасындағы интеграцияны жиілету, өзара түсіністікті арттыру, бір-біріне дем беру мен көмектесу болды. Бұл түсінік қазір әлемнің көптеген елдеріне қанат жайды.

Еуродақтың «Бауырлас қала жобасы» мен «Халықаралық бауырлас қала» жобасы екі бөлек жоба есептеледі.

Солтүстік Америкaда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лос-Анджелес қаласының бауырлас қала белгісі (2006ж.)

Бауырлас қала жобасы 1956 жылы АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр жағынан көтерілген болатын. Ол әуелде АҚШ қалаларын одақтастыруды көздеген жоба болатын. 1967 жылы дербес ұйым «Халықаралық бауырлас қала»(ХБҚ, SCI) құрылды. Халықаралық бауырлас қала ұйымы пайда көздемейтін сыртқы саясат торын құрып, АҚШ пен әлемдегі қалалар ортасындағы байланысты қоюлату жұмысымен айналысады. SCI басшылығының жетекшілігінде өз өңірі мен қаласын дамытуға үлес қосатын еріктілер ұйымдастырылып, халықтараралық, басшыаралық, саудааралық қодау мен көмектесу торабын құрып, ұзақ мерзімді байланыс пен достыққа назар аударады.

Қарапайым түсінік бойынша

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бауырлас қала әдетте географиясы жақын, бір-біріне құрметі жоғары қалаларды ғана емес, көбінесе тарихи мәдени ортақтығы бар қалаларға да қаратылады. Мысалы Перудің әйгілі Мачу-Пикчуі мен Иорданияның Петра қаласы, Мерв пен Түркістан, Тараз бен Пресно және Исфаһан секілді қалалар арасында тарихи мәдени жағында белгілі бір бауырластық ұқсастықтар бар.

Қазақстанда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Алматы қаласы

Қазақстан қалаларымен басқа елдің қалалары ортасында кейбір өзара сенім мен ынтымақтастық шараларының өтуіне қарамастан, Бауырлас қала түсінігі қалыптасу үстінде, еліміздің қайсы қаласының шетелдің қайсы қалаларымен әріптес, бауырлас екені зерттелу үстінде. Қала әлеуметтануы үшін бұл әрине тың тақырып. Қазақстанның астанасы Астана қаласының 20 бауырлас қаласы бар.

Бауырлас қала Жылы Мемлекет
Анкара - Түркия Түркия
Ыстамбұл - Түркия Түркия
Измир - Түркия Түркия
Мәскеу - Ресей Ресей
Санкт-Петербург - Ресей Ресей
Қазан - Ресей Ресей
Бішкек - Қырғызстан Қырғызстан
Киев - Украина Украина
Амман - Иордания Иордан
Рига - Латвия Латвия
Гданьск 1996 Польша Польша
Варшава - Польша Польша
Тбилиси 2005 Грузия Грузия
Сеул - Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея
Ташкент - Өзбекстан Өзбекстан
Дубай - Біріккен Араб Әмірліктері БАӘ
Бейжің - Қытай Қытай
Манила - Филиппиндер Филиппиндер
Сараево - Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина

Еліміздің ең үлкен қаласы болған Алматы қаласының бауырлас қалалары:

Тараз қаласының бауырлас қаласы Калифорниядағы Фресно (Америка Құрама Штаттары Fresno, California) қаласы.

Қызылорда қаласының бауырлас қаласы Колорадодағы Арвада (Америка Құрама Штаттары Arvada, Colorado) қаласы.

Орал қаласының бауырлас қалалары Ресейдің Ресей Орынбор және Ростов қаласы, Чехияның Чехия Острав қаласы, Түркияның Түркия Эскишехир қаласы.[1]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://www.sister-cities.org/interactive-map-location?city=&country=kz&province=(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Sister Cities International (SCI). Sister-cities.org. Тексерілді, 21 сәуір 2013.