Мазмұнға өту

База

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

База (Base) — 1) негізгі, тіректі мәліметтер немесе элементтер; 2) санау жүйесінің негізі; 3) база регистріне жүктелетін әрі салыстырмалы адрестердің (ығысулардың) саналу басы ретінде пайдаланылатын жад адресі. Атқарушы адрес = база + ығысу.

База бойынша адрестеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

База бойынша адрестеу (Адресация по базе) — операндтың атқарылатын адресі жылжыту (ығыстыру) мөлшері мен базапық регистрдің немесе база көрсеткішінің мәндерінің қосындысына тең болуы.

База дайындау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

База дайындау (Базирование; base) — базалық адрестер мен ығыстыруларды қолдану арқылы адрестеуге негізделген мәліметтерді орналастыру үшін жадты динамикалық беру тәсілі.

База-ығыстыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

База-ығыстыру (База-смещение; base and displacement) — жұп сан: база және ығыстыру түрінде адресті ұсыну тәсілі. Нақты адрес бұл жағдайда осы сандардың қосындысына тең болады.[1]

База (грек. basis — негіз)—тұғыр тас, колоннаның немесе тіреудің (пилястрдың) төменгі, пішіндеп келтірілген бөлігі.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  2. Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3