Webley револьвері
Веблей револьверi (ағылш. Webley Revolver) - 1870-ші жылдардан бастап ағылшындық компаниясы Webley & Son Company (қазіргі уақытта компанияның аты: Webley & Scott Co.) шығара бастаған, оқтары .455 Webley өлшемге келетін револьвер.
1870 жылы Веблей-Грин жүйесінің қаруы Британ армиясының қарулы күштері қатарына қабылданды. Содан 1963 жылға дейін қызмет етті.
Веблей револьверi қару ретінде танылғанға дейін МК IV нұсқасы 1899-1902 жылдары британ армиясының басты қаруы болып табылды. Одан кейінгі нұсқасы МК IV 1915 жылы бірінші дүниежүзілік соғыста таныстырылды. Ол әлі күнге дейін өте танымал қарк болып саналады.
Веблей револьверiн ең соңғы, жетілдірілген нұсқа ретінде қарастыруға болады. Ол британ армиясының қаруы қатарына екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша түспеді. Бірақ ресми түрде 1932 жылы 389 калибрлі Энфилд револьверiмен алмастырылды. МК IV үлгісінен айрмасы аз болатын. Оқпанының ұзындығы бұрынғыдай 15 см болып қалды. Дегенмен тұтқасы трапетция тәрізді етіп жасалды. Бұрынғы үлгіде сабы құстың басына ұқсайтын. «Webley & Scott|Webley & Scott Co.» фирмасы МК IV револьверiн бірінші дүниежүзілік соғыстың соңына дейін шығарды. 1921 жылы қару жасау Энфилдте орналасқан мемлекеттік Ройял Смолл Арме кәсіпорнына тапсырылды.
Бұл револьверлер нағыз веблейлік нұсқадан барынша жұқа сабы мен «Энфилд» деген жазуы бар сауда таңбасымен ғана ерекшеленеді. 38 калибрлі Энфилд револьвері пайда болысымен «Веблей» револьверін шығару тоқтатылды. [1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 1100 қызықты деректер
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://zonwar.ru/revolver/webley3.html Мұрағатталған 20 қазанның 2014 жылы.